Тегін құқықтық кеңес алды
Тегін құқықтық кеңес алды
Жамбыл көлік прокуратурасы желілік полиция бөлімдері, көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы және көліктік бақылау мен еңбек инспекциясы сынды тиісті органдармен бірлесіп, акция аясында теміржол жұмысшыларының сұрақтары мен өтініштеріне назар аударды. Қарапайым жұмысшылардың талап-тілектерін тыңдаған мамандар олардың өтініші заң аясында қанағаттандырылатынын жеткізді. Сондай-ақ аталған акция аудандарда да ұйымдастырылып, азаматтарға құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мәселен, Меркі ауданындағы Сарымолдаев және Ойтал ауылдық округі мен Т.Рысқұлов ауданында өткен шараға қатысқан 150-ге жуық тұрғынның сауалдарына нақты жауаптар берілді. Бұдан бөлек, шалғай орналасқан Боранды, Күркіреу-су, Сұрым, Шөлдала, Құмшағал және Талас станцияларындағы азаматтарға жедел құқықтық көмек көрсетілді. Мұндай акция алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Жамбыл көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.