- Advertisement -

Тегін құқықтық кеңес алды

62

- Advertisement -

Еліміздің Бас Прокуратурасының тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың қазан айынан бастап барлық өңірлерде «Заң керуені» акциясы бастау алды. Шараның басты мақсаты – халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, қолданыстағы заңдарды түсіндіру, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру мен азаматтық құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, аймақтарда қауіпсіздік деңгейін арттыру және құқықтық тәртіпті нығайту.

Жамбыл көлік прокуратурасы желілік полиция бөлімдері, көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы және көліктік бақылау мен еңбек инспекциясы сынды тиісті органдармен бірлесіп, акция аясында теміржол жұмысшыларының сұрақтары мен өтініштеріне назар аударды. Қарапайым жұмысшылардың талап-тілектерін тыңдаған мамандар олардың өтініші заң аясында қанағаттандырылатынын жеткізді.

Сондай-ақ аталған акция аудандарда да ұйымдастырылып, азаматтарға құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мәселен, Меркі ауданындағы Сарымолдаев және Ойтал ауылдық округі мен Т.Рысқұлов ауданында өткен шараға қатысқан 150-ге жуық тұрғынның сауалдарына нақты жауаптар берілді. Бұдан бөлек, шалғай орналасқан Боранды, Күркіреу-су, Сұрым, Шөлдала, Құмшағал және Талас станцияларындағы азаматтарға жедел құқықтық көмек көрсетілді. Мұндай акция алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

 

Жамбыл көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support