- Advertisement -

Ауылдар таза ауыз сумен қамтылып келеді

38

- Advertisement -

Бүгінде аймақтағы 371 елді мекенде 1 150,1 мың адам тұрады. Оның ішінде облыс орталығы Тараз қаласы мен шағын Қаратау, Жаңатас, Шу қалаларында 460,3 мың адам, ал 367 ауылдық елді мекенде 689,8 мың адам қоныс тепкен. Дегенмен бүгінде ауылдық елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз етуде жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Егер, өткен жылдың қорытындысымен орталықтандырылған таза ауыз суға қол жеткізу көрсеткіші қалаларда 419 мың адам немесе 91 пайызды қамтыса, ауылдық елді мекендерде 612,2 мың адам немесе 88,8 пайыз қамтылды. Яғни 267 ауылдық елді мекендегі көрсеткіш – 72,7 пайызды құрады.

Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанындағы жағдайға келсек, ауылдық елді мекендердегі ауыз сумен қамту көрсеткіші – 91,7 пайызды құрады. Биыл Байзақ ауданында Байзақ, Көктал, Жуалы ауданында Шақпақата, Қарабастау, Қортөбе, Қордай ауданында Бұлар батыр, Меркі ауданында Аралқыстақ, Т.Рысқұлов ауданында Жаңатұрмыс ауылдары таза ауыз сумен қамтылды.

Сондай-ақ биыл «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы аясында 49 сумен жабдықтау нысанының құрылысына 19,8 миллиард теңге қарастырылды. Бұл нысандардың 6-ауы келесі жылға өтпелі, ал 43-і жаңа құрылыс нысандары. Соның ішінде, 35 жоба жыл соңына аяқталса, 14 жоба құрылысы 2023 жылға өтпелі болды. Жалпы бөлінген қаражат көлемі өткен жылмен салыстырғанда 80 пайызға ұлғайған.

Дегенмен облыс аумағындағы Тараз, Шу қалаларында бүгінгі күнге 41,3 мың адам немесе 18 тұрғын алқап орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілмеген. Ағымдағы жылы аталған 18 тұрғын алқаптың 10-ында, яғни Тараз қаласында – Тектұрмас, Жиделі, Көлтоған, Қызылабад, Қарасай, Казарма, Шөлдала, Құмшағал, 28 саяжай, ал Шу қаласында Қант зауыты алқаптарында құрылыс жұмыстары жүргізілді. 1 тұрғын алқап 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджеттің қалыптастыруына ұсынылып, қолдау тауып отыр. Сонымен қатар 7 тұрғын алқапта, атап айтар болсақ, Тараз қаласында Шалғай Қарасу-1,2,3,4,5,6,7 алқаптары мен Родничок, Мичуринец, Қайнар, Ақжол алқаптары және Шу қаласында Жайсан, Горгаз алқаптары бойынша жобалық- сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Орталықтандырылған ауыз сумен қамтылмаған 69 ауылдық елді мекеннің 33-інде құрылыс жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар 2023 жылғы республикалық бюджеттің нақтылауы мен қалыптастырылуына 21 жоба ұсыну жоспарланып отыр. Оның 12-сі жаңа құрылыс, 9-ы реконструкция. Жалпы алдағы екі жылда 35 елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтылатын болады. Бұдан бөлек, қалып отырған 34 елді мекеннің 17 елді мекеніне жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр. Оған аудан әкімдіктері тарапынан орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз қажет ететін жоғарыдағы 17 елді мекеннің құжаттарын әзірлеу үшін аудандық бюджеттен қаржы қарастырып, 2023 жылдың соңына дейін аяқтау қажет.

Биыл суды тазартудың кешенді блок- модульдері орнатылатын 31 ауылдық елді мекеннің бесеуіне құрылғылар орнату жоспарланса, қалған 26 ауылдық елді мекенге 2023-2025 жылдары орнатылады.

Өңірдегі елді мекендерді 2025 жылға дейін 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтудың жоспары бекітіліп, жұмыстар атқарылуда. Талдап айтар болсақ, облыстағы қалаларда 2022 жылы – 92,4 пайыз, 2023 жылы – 97,5 пайыз, 2024 жылы – 98,8 пайыз, ал 2025 жылы – 100 пайыз орындау көзделген. Сонымен қатар ауылдық елді мекендерде 2022 жылы – 94,6 пайыз, 2023 жылы – 96,5 пайыз, 2024 жылы – 98,3 пайыз, 2025 жылы 100 пайыз қамтылады.

 

Дидар ӘБИІР,

облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының баспасөз хатшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support