- Advertisement -

Декларация тапсыруға дайын болыңыз

81

- Advertisement -

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Заңының негізінде Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау 4 кезеңде енгізіледі.

1 кезең – 2021 жылдың 1 қаңтарынан басталды. Оның ішіне жауапты мемлекеттік лауазымдағы қызметкерлер мен олардың жұбайлары (зайыптары), мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары), мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары), «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген тұлғалар.

Жоғарыда аталған тұлғалардың анықтамалары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген. Одан басқа Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Жарлығымен саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілген.

2 кезең – 2023 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Оған мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т. б. саласын қоса алғанда) және олардың жұбайлары (зайыптары), квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары (зайыптары) кіреді.

3 кезең – 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Оған заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары (зайыптары), жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары (зайыптары) енеді.

4 кезең – 2025 жылдың 1 қаңтарынан басталып, оған азаматтардың қалған санатының барлығы кіреді.

Жалпыға бірдей декларациялау кезінде жеке тұлғалар қандай декларация нысандарын тапсыруға тиіс?

Декларациялау жүйесіне енген кезде активтер мен міндеттемелер туралы (250.00 — нысан) декларацияны тапсыратын болады. Кейіннен халық жыл сайын кірістер мен мүліктер туралы (270.00 — нысан) декларацияны тапсырады.

Декларацияларды ұсыну мерзімдеріне келер болсақ, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тұрғылықты (болу) жері бойынша тапсырады:

1) қағаз жеткізгіште тапсырған жағдайда – декларацияны тапсыру міндеттемесі туындаған ағымдағы жылғы 15 шілдеден кешіктірмей;

2) электронды түрде тапсырған жағдайда – декларацияны тапсыру міндеттемесі туындаған ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей тапсырады.

Декларацияны тапсыру мерзімдері келесі декларация тапсыратын тұлғаларға қолданылмайды:

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес сайланбалы лауазымдарға кандидаттар;

Мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындаумен байланысты лауазымға кандидаттар және олардың жұбайы (зайыбы);

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңдарына сәйкес банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушы болғысы келетін тұлғалар.

Сайланбалы лауазымдарға кандидаттар және олардың жұбайлары (зайыптары) кандидат ретінде тіркелгенге дейін декларация тапсырады. Мәліметтер ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне көрсетіледі.

Мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар және олардың жұбайлары (зайыптары) лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды адамның (органның) лауазымға тағайындау туралы актісі шыққанға дейін декларацияны ұсынады. Мәліметтер декларация тапсырылатын айдың бірінші күніне көрсетіледі.

Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушы болуға тілек білдірген тұлғалар уәкілетті органға банктің ірі қатысушысы мәртебесін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтініш берген күнге дейін Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) тапсырады. Активтер мен міндеттемелер туралы декларациядағы (250.00-нысан) мәліметтер осы декларация тапсыратын айдың бірінші күніне көрсетіледі.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыс ету тәсілдері:

Электрондық түрде – «Салық төлеушінің кабинеті» мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz) арқылы, сондай-ақ eSalyq Аzamat мобильді қосымшасы арқылы тапсыра алады.

Қағаз түрінде – мемлекеттік кіріс органдарына келу тәртібімен не тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі.

Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңіне кіретін адамдар үшін тұрғылықты жері (келу орны) бойынша декларацияны қағаз нұсқада тапсыру мерзімі – 2021 жылдың 15 шілдесінен немесе электрондық нұсқада – 2021 жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмеуі тиіс.

Одан әрі активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 СЕН) тапсырғаннан кейін, осы санаттағы тұлғалар 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап жыл сайын кірістері мен мүліктері туралы Декларация (270.00 СЕН) тапсыруы қажет болады.

 

Өмірзақ ҚОСПАНОВ,

облыс бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

«Байланыс орталығы»

басқармасының басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support