«Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасы бойынша 2022 жылдың 12-14 желтоқсанында e-jambyl.kz сайтында қосымша өтінім қабылдау басталады!
«Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасы бойынша 2022 жылдың 12-14 желтоқсанында e-jambyl.kz сайтында қосымша өтінім қабылдау басталады!
✅ Бағдарламаға тек Жамбыл облысының жастары ғана қатыса алады. 🔻Бағдарламаның шарттары: ▪️Қарыздың ең жоғары сомасы – 13 млн. теңгеге дейін; ▪️Пайыздық мөлшерлеме – 5%; ▪️Бастапқы жарна - 5%; ▪️ Несие беру уақыты - 19 жыл. Қатысушыға қойылатын талаптар: ✅ ҚР азаматтығының болуы; ✅ 35 жасқа дейін (қоса есептеледі); ✅ Ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады; ✅ Өтінімді толтыру кезінде Жамбыл облысы аумағында өзі еңбек ететін салада жұмыс өтілінің болуы; ✅ Таңдаған сала ол жұмыс істейтін саламен сәйкес келуі; ✅ «Отбасы банкінде» жинақ шотының және қарыздың ең жоғарғы сомасының (13 млн.) 5% мөлшерінде бастапқы жарнасының болуы; ✅ Қатысушыда және оның жұбайында/зайыбында (кәмелетке толған балаларында) соңғы 5 жылда тұрғын үйдің (ортақ үлестегі) болмауы; ✅ Қатысушы өтініш берген кезде тұрғын үй алуға өтінім берген өңірде (қала/ауданда) кем дегенде 2 жыл тіркеуде және отбасы мүшелері Жамбыл облысы аумағында тіркеуде болуы; ✅ Әрбір отбасы мүшесіне ең төмен күнкөріс деңгейінің 3,9 еселенген мөлшеріне дейінгі табыстың болуы. Жамбыл облысында орналасқан мемлекеттік және мемлекеттік емес қай саланың қызметкерлері қатыса алады? 1. денсаулық сақтау саласының медицина қызметкерлері; 2. ЖОО мен ОАОО оқытушылары және ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері; 3. Мәдениет саласының бейінді қызметкерлері; 4. Спорт саласында қызмет ететін спортшылар және жаттықтырушы-оқытушылар; 5. БАҚ қызметкерлері. ❗️Ескертпе: мемлекеттік ұйымдарға: МКҚК, ШЖҚМКК және мемлекеттік емес ұйымдарға: ЖШС, АҚ және мемлекет 100% қатысатын КЕАҚ жатады. Техникалық және әкімшілік персонал қатыспайды. 📌Қосымша: ▪️ЭЦП кілт керек; ▪️Қатысушы жеке кабинетінде өткендігі туралы көре алады; ▪️Қатысушы жолдама алушылар тізіміне енсе, әкімдіктен жолдама алып 10 жұмыс күні ішінде «Отбасы банк» АҚ-на жүгінуі тиіс; ▪️Банктің мақұлдауынан кейін қатысушы үй іздейді; ▪️Рәсімдеу және несие шартына қол қою, несиені аудару. Толық ақпарат: e-jambyl.kz сайтында. Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз, сәттілік! @jambyl_jastar_basqarmasy