Саясат

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мәселелерді шешу қажет – ҚР Президенті

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мәселелерді шешу қажет – ҚР Президенті

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында одан әрі атқарылатын жұмыстың негізгі бағыттарын белгіледі.

Мемлекет басшысы оның тапсырмасы бойынша Президент Әкімшілігі жанындағы арнайы комиссия шаралар кешенін әзірлегенін атап өтті.

Президенттің айтуынша, тариф саясатының дұрыс жүргізілмеуі – соның басты себебінің бірі. Осы саясат табиғи монополия қызметтерінің сапалы әрі қолжетімді болуын қамтамасыз етуге тиіс. Бұл қызметтің тегін болмайтыны түсінікті. Нысандарды күтіп ұстауға және жаңғыртуға қажетті қаражат тариф есебінен бөлінуі керек. Бизнестен шығынға батып жұмыс істе деп талап ету орынсыз. Әр нәрсе жөнімен жасалуға тиіс. Бірақ нақты әрі нәтижелі жұмыс әлі атқарылмай отыр.