- Advertisement -

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: Агроөнеркәсіп кешенін дамыту, әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу – Үкімет пен әкімдер үшін басты басымдық болуға тиіс

58

- Advertisement -

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы әлеуметтік мәселелерді шешу туралы айтты. Сонымен қатар Президент халықтың нақты ақшалай табысы соңғы бес жылдағы ең төменгі өсу қарқынын көрсетіп отырғанын атап өтті.

Президенттің айтуынша, негізгі тағам өнімдерінің қымбаттауы инфляцияның өсуіне себеп болып жатыр. Азық-түлік инфляциясы 24%-дан асты.

«Тұрғындардың ақшалай табысының өсу қарқыны соңғы 5 жылдағы ең төмен деңгейде тұр. Елімізде қағаз жүзінде жұмыс істейтін, уақытша жұмыс істемейтін, өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған және жұмыссыз деп көрсетілген 900 мыңға жуық адам бар. Бұл саладағы негізгі құжат – Халықтың табысын арттыру бағдарламасы. Оны қазіргі жағдайларға сәйкестендіру керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент шетелдік автокөлікті заңдастыру мәселелері туралы да айтты.

«Біз шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыру туралы шешім қабылдадық. Алайда Үкімет ақпараттық жұмысты дұрыс жүргізген жоқ. Соның кесірінен, жұрт бұл науқан қалай жүргізілетінін білмей, әуре-сарсаңға түсіп жүр. Нақты қандай көліктерді заңдастыруға болатынынан да хабарсыз. Мұндай маңызды мәліметтер азаматтарға қолжетімді болуға тиіс және оны сенімді ақпарат көздерінен алуы қажет. Елді алаңдатып, дүрбелең туғызбау үшін Үкімет мұның бәрін тұрақты түрде халыққа қарапайым тілмен түсіндіріп отыруы керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өндірістік жарақаттану нақты проблемаға айналды. Биыл 11 айда өндірісте 1124 жұмысшы зардап шекті, оның 157-сі қаза тапты. Жекелеген кәсіпорындарда адам шығынымен болған апаттар жүйелі сипатқа ие болды. Бұл «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына да қатысты.

«2006 жылдан бері кәсіпорында 20-дан астам апат орын алып, 100-ден артық азамат қайтыс болды. Осы жылы 14 адам қаза тапты, оның ішінде бір адам өткен аптада көз жұмды. Мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың есептеріне сәйкес, компания еңбек, экологиялық және салық заңнамасын бұзады, инвестициялық міндеттемелерді орындамайды. Қоғам әділ және шұғыл шараларды күтуде. Премьер-Министр тікелей бақылауына алсын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыру туралы мәселеге тоқталды. Мемлекет басшысының айтуынша, Үкімет ақпараттық жұмысты дұрыс жүргізген жоқ. Соның кесірінен жұрт бұл науқан қалай жүргізілетінін білмей, әуре-сарсаңға түсіп жүр. Нақты қандай көліктерді заңдастыруға болатынынан да хабарсыз.

«Мұндай маңызды мәліметтер азаматтарға қолжетімді болуға тиіс және оны сенімді ақпарат көздерінен алуы қажет. Елді алаңдатып, дүрбелең туғызбау үшін Үкімет мұның бәрін тұрақты түрде халыққа қарапайым тілмен түсіндіріп отыруы керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы инвестициялық саясат мәселелеріне ерекше назар аударды.

«Менің тапсырмаммен инвестициялық жобалардың бірыңғай жүйесі әзірленді. Алайда биыл жоспардағы 284 инвестициялық жобаның 43-і ғана жүзеге асырылған. Яғни, небәрі 15% іске қосылған. Мұның бәріне құр цифр ретінде қарауға болмайды. Өйткені соның кесірінен көптеген жұмыс орны ашылмай қалды. Ел экономикасы миллиардтаған теңге қаржыдан қағылды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, проблемалар іске асыру сатысында, жергілікті жерлерде басталады.

«Бір сөзбен айтсақ, біз дайын инвесторлардан айырылып қалып жатырмыз. Тағы да қайталап айтамын, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға жағдай жасау яғни, жер бөлу, рұқсатнама беру, инфрақұрылыммен қамту – әкімдердің міндеті. Әрине, орталыққа да өзгеріс жасау керек. Осыған қатысты бірқатар ұсыныс бар екенін білемін. Премьер-Министр Экономикалық саясат жөніндегі кеңесте бәрін қайтадан талқылап, өзара келісілген шешімді маған енгізуі қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, баға белгілеу мәселесі бойынша бірнеше талқылау болды.

«Өнімнің өзіндік құнын төмендету, қажетсіз делдалдан арылу туралы біз бірнеше рет айттық. Сауда желілерін қолжетімді етіп, айналымға қаржы салу үшін арзан несие беру тәсілін де қолдануға болады. Бұл бағытта алғашқы қадамдар жасалды. Тауар өндірушіден алдын-ала тікелей сатып алу ережесі қабылданды. Бюджеттен қаржы бөлінетін болды. Дегенмен көптеген шаруаның көкөніс сақтайтын жері жоқ. Сол себепті олар өнімдерін егіс басынан тікелей сатуға мәжбүр болады. Оның салдары бәрімізге белгілі. Ауыл тұрғындары біраз табысынан қағылады. Азық-түліктің бағасы жыл мезгіліне қарай қатты өзгереді», – деді ҚР Президенті.

Мұның шешімі біреу ғана – қойма инфрақұрылымын жасау керек. Бірақ бұл бағыттағы жұмыс баяу жүріп жатыр.

«Былтыр 83 мың тонна өнім сақтайтын қойма салу жоспарланғанмен, оның 64 мыңы ғана пайдалануға берілді немесе жоспар 77%-ға орындалды. Биыл жұмыс біршама жандана түсті. 98 мың тонналық қойма салу жоспарланып, соның 87 мың тоннасы қазірдің өзінде іске қосылды. Дегенмен бұл бағыттағы шаруаны әлі де ширата түсу керек. Бүгінгі таңда азық-түлік қауіпсіздігі елді өркендетудің басты шарты екенін түсіну қажет. Агроөнеркәсіп кешенін, әсіресе ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуді дамыту Үкімет пен әкімдер үшін басты басымдық болуға тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support