Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: Агроөнеркәсіп кешенін дамыту, әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу – Үкімет пен әкімдер үшін басты басымдық болуға тиіс
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: Агроөнеркәсіп кешенін дамыту, әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу – Үкімет пен әкімдер үшін басты басымдық болуға тиіс
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы әлеуметтік мәселелерді шешу туралы айтты. Сонымен қатар Президент халықтың нақты ақшалай табысы соңғы бес жылдағы ең төменгі өсу қарқынын көрсетіп отырғанын атап өтті. Президенттің айтуынша, негізгі тағам өнімдерінің қымбаттауы инфляцияның өсуіне себеп болып жатыр. Азық-түлік инфляциясы 24%-дан асты.
Президент шетелдік автокөлікті заңдастыру мәселелері туралы да айтты.
Өндірістік жарақаттану нақты проблемаға айналды. Биыл 11 айда өндірісте 1124 жұмысшы зардап шекті, оның 157-сі қаза тапты. Жекелеген кәсіпорындарда адам шығынымен болған апаттар жүйелі сипатқа ие болды. Бұл «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына да қатысты.
Президент шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыру туралы мәселеге тоқталды. Мемлекет басшысының айтуынша, Үкімет ақпараттық жұмысты дұрыс жүргізген жоқ. Соның кесірінен жұрт бұл науқан қалай жүргізілетінін білмей, әуре-сарсаңға түсіп жүр. Нақты қандай көліктерді заңдастыруға болатынынан да хабарсыз.
Мемлекет басшысы инвестициялық саясат мәселелеріне ерекше назар аударды.
Оның айтуынша, проблемалар іске асыру сатысында, жергілікті жерлерде басталады.
Мемлекет басшысының айтуынша, баға белгілеу мәселесі бойынша бірнеше талқылау болды.
Мұның шешімі біреу ғана – қойма инфрақұрылымын жасау керек. Бірақ бұл бағыттағы жұмыс баяу жүріп жатыр.