- Advertisement -

Ауыл оқушылары тарихи жәдігерлер тауып алды

115

- Advertisement -

Жамбыл ауданы Қаракемер ауылының Төле би атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Артем Муравьев Төрткүл төбешігінде ойнап жүріп, белгілері бар білезік пен қыш ыдыс тапқан. Көп уақыт өтпей дәл осы мектептің 6-сынып оқушысы Қасымхан Жұмабай да жылқы бағып жүргенде тұтқалы қазан мен жанынан қоладан жасалған сырға мен білезік тауып алады. Ауыл маңынан жәдігердің жиі табылатынынан хабардар қос жеткіншек табылған заттарды мектептегі тарих кабинетіне өткізген.

Тарих кабинетінде тұрған бұл тарихи жәдігерлер 7-сынып оқитын Еңлік Өміртайдың қызығушылығын тудырып, ғылыми зерттеу жұмысына арқау болды. Ізденімпаз жас өлкетанушы мен жетекшісі, оның тарих пәнінің мұғалімі Жазира Дубаева жәдігерлерді алып, Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығына жетеді.

Орталық мамандары керамикалық қос құлақты құты ішінен табылған қоладан жасалған зергерлік бұйымдарды шамамен ІХ-ХІІ ғасырға тән екенін анықтады. Сондай-ақ қыш құмыраның бояу ерекшеліктеріне мән бере әңгімелеген Еңліктің ерекше ізденісін байқаған сала мамандары алдағы уақытта зерттеу жұмыстарын бірлесе атқаратындарын айтты.

– Ауыл маңындағы Төрткөл төбешігінен табылған қыш құмыра ішіндегі мыстан жасалған білезіктегі сурет пен жазуды зерттей келе, қазіргі кездегі Түркі елінің мемлекеттік туындағы көрсетілген ай мен жұлдыз тарихын, уақытын салыстыра келе, бұл белгі қазақ жерінде орта ғасырда пайда болғанын аңғардық. Төрткүл қалашығының қазіргі таңдағы үйінді болып жатуының себебін анықтай отырып, қалашықтың түпкі тарихын танып білдік. Ерте замандардағы ата-бабаларымыздың жүріп өткен ізін зерттеу арқылы «Адахкент» қалашығы болғандығын және қыш құмыралар өңдіргенін білдік, – дейді жас өлкетанушыға жетекшілік еткен ұстазы Жазира Оңлабекқызы. Сонымен қатар ұстаз алдағы уақытта зерттеу жұмыстарын жалғастыра отырып, тарихтың таусылмас тағылымын жастарға насихаттайтынын да жеткізді.

 

«Aq jol-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support