- Advertisement -

Жолдау білім саласына серпін берді

74

- Advertisement -

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында елдегі білім саласына ерекше назар аударып, білім саласы ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқаратынын, қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөзді маңызды құжатқа арқау етіп, мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болуы керектігін назарға алған болатын.

 Білім балабақшадан басталады

Мектепке дейінгі ұйымдарға қатысты Мемлекет басшысы балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажеттігіне, оған қоса тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттырып, жалақысын көбейту, осы саладағы мамандарға қойылатын нақты талаптар бекітілуге тиіс екенін, олардың жұмыс жүктемесін біртіндеп азайту керектігін, өз ісіне адал ұстаздар білім беру саласының дамуына зор үлес қосатынын алға тартты. Президент тапсырмасы аясында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарын аттестаттау жүйесі жаңартылып, олардың жалақысы көтеріледі, сондай-ақ тәрбиешілердің жүктемесі азайтылады.

Бұл мектепке дейінгі тәрбиешілерге балаларға көбірек көңіл бөлуге және дамыту мен оқыту іс-шараларының тиімділігін арттыруға көбірек мүмкіндік беретінін Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов те айтып өтті. Әрине, ел Президентінің Жолдауда жүктеген міндеттерін жүзеге асыру – ортақ міндет. Білімнен басталатын жол – білімге барып тіреледі. Балабақшадан басталған білім сапары – қайта айналып балабақшаға келеді. Осы орайда балабақшада, бастауыш мектепте дұрыс қаланған іргетас – болашақ ұрпақтың біліміне берілген кепілдік. Мемлекет басшысының да Жолдауда айтпақ ойы осы. Берген тапсырмасы да осының негізінде айтылды деп ойлаймын.

Таразда мектепке дейінгі 146 тәрбие беру мекемесі бар

Тараз қаласында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту туралы айтар болсақ, облыс орталығында 146 мекеме бар. Оның ішінде мемлекеттік 45 балабақша, 15 шағын орталық және 85 жекеменшік балабақша, бір шағын орталық қызмет көрсетеді. Бүгінде барлығы 19692 бала мектепке дейінгі мекемеде тәрбиеленсе, оның ішінде 2-6 жас аралығындағы балалардың үлесі – 88,6 пайыз, 3-6 жастағы бүлдіршіндер 100 пайызға жетті. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 2416 педагог бала тәрбиесімен айналысады.

ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің білім мекемелері басшыларын ротациялау бойынша жүктеген тапсырмасына сәйкес маусым айында 21 балабақша басшысы басқа мекемелерге ауыстырылса, шілде айында 16 мектеп басшысы ротацияланды. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады. Мектепке дейінгі тәрбие беру жұмыстары балалардың өмір жолын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Сондықтан педагог этикасы мен эстетикасы, мінез-құлқы ұдайы назарымызда.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Жолдауында баса айтылған білім саласындағы тағы бір мәселе – орта білім жүйесін жетілдіру. Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалу керек. Сол үшін Мемлекет басшысы білім мекемелерінің санын көбейту, білім сапасын жақсарту қажеттігіне ерекше назар аударуда.

Биыл Таразда 25 мектепке жөндеу жұмыстары жүргізілді

Қалалық білім бөліміне қарасты 113 мекеме бар. Оның ішінде 61 мектеп, 1 кешкі мектеп, 4 қосымша білім беру ұйымы және 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жұмыс атқарады. Мектеп ғимараттарының техникалық жағдайына келер болсақ, 61 мектептің 57-сі типтік, төртеуі ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Апатты жағдайдағы мектептер қаламызда жоқ. Спортзал саны – 85, оның 77-сі типтік, үшеуі ыңғайластырылған.

Білім ордаларын қалыпқа келтіру бойынша ағымдағы жылы 24 мектепке ағымды жөндеу жүргізілсе, №39 мектеп-гимназияның күрделі жөндеу жұмыстарын «Тараз Прогрес» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі талапқа сай жұмыстарды аяқтады.

Қаламызда үстіміздегі жылы тұрғындар ұсынысымен және облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің қолдауымен Асқаров көшесінде, «Арай», «Барысқан» алқабында 600 орындық үш білім ошағы, 15-мөлтекауданда 1200 орынды 2 мектеп, «Казарма» алқабында 180 орынды білім ордасының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Биыл қаңтар айында «Шалғай Қарасу» алқабында 600 орындық, қыркүйек айында Асқаров көшесінің соңында 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді.

Білім ордаларындағы оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету және оны жеткізу үшін 875 миллион теңге қарастырылып, барлық мектеп оқулықпен қамтылды. Ағымдағы жылы респбликалық бюджет есебінен білім нысандарының материалдық-техникалық жабдықталуына 487 миллион теңге қарастырылып, оған 22 дана модификациялық кабинеттер (физика, химия, биология, ЛМК, робототехника мен ІТ) жабдықталып, өз жұмысын бастады. Бүгінгі күні мектептердің 74,1 пайызы модификациялық кабинеттермен қамтылған.

Оқушылардың өмірі мен қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында 127 миллион 286 мың теңге қаражат бөлініп, 60 мектептегі дабыл түймесі, бейнебақылау камералары полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылды.

Білім ордаларында 77424 оқушы, жекеменшік мектептерде 5053 бала білім алуда.

 20 мыңға жуық бала ыстық тамақпен қамтылған

Аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 19525 бала тегін ыстық тамақпен қамтылып, саяжайларда тұратын 3294 бала арнайы мектеп автобусымен тасымалданады. 18716 балаға жылына бір рет қаржылай көмек алды. Жаз мезгілінде 10608 бала мектеп жаныныдағы лагерьлерде, 2568 бала қала сыртындағы лагерьлерде демалысқа жіберілді.

Қаладағы 10 мектептен тыс білім беру мекемесінде 13894 бала, жалпы білім беретін мектептердің 579 спорт секциясына – 33987 бала, қаладағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде 11502 бала, барлығы 59383 бала түрлі бағыттағы үйірмелермен қамтылып отыр. Бұл барлық балалардың 77 пайызын құрайды.

2 орталықтың лентасы қиылды

Биыл жобалық қуаты 500 орындық Оқушылар сарайы мен 300 орындық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы ашылды. Заманауи мектептермен және құрал-жабдықпен қамтылған мектептерде білімін шыңдаған оқушыларымыз жоғары жетістікке де жетіп жүр. Тараз қаласы оқушыларының құрама командасы 2021-2022 оқу жылы облыстық жарыста 21 жүлделі орын, республикалық сайыста 4 мектебіміз жүлделі орындарды иеленді.

Қорғаншылықта, патронаттық тәрбиеде, қабылдаушы отбасында, сондай-ақ отбасы үлгісіндегі балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқан балаларға «Мейірім» жобасы бойынша «Отбасы банкінде» арнайы есепшоттар ашылып, демеушілік қаражатттар аударылып отырады.

Мектептердегі педагогтар саны 8677-ге жетті. Оның ішінде мектепте – 6881, қосымша білім беру ұйымдарында 342 педагог бар. Биылғы 6 айда 3687 педагог біліктілік арттыру курсынан өтті. Сондай-ақ осы жылы 2-11-сынып оқушыларының 11170-сі (16,5 пайызы) үздік, 34359-ы екпінді болды. 9-сыныпты аяқтаған 6476 оқушының 356 оқушысы «үздік аттестат» алса, 11-сыныптағы 2811 оқушының 2766-сы мемлекеттік емтихан тапсырып, 32 мектептен 83 түлек «Алтын белгімен», 38 мектептен 106 түлек «Үздік аттестатпен» оқуды аяқтады.

Ғылыми жоба жарысында облыстық байқауға 108 оқушы қатысып, оның ішінде 65 республикалық жарысқа 20 оқушы қатысып, 11 халықаралық жарысқа 4 оқушы қатысып, 4 жүлделі орынды иеленді. Бұдан бөлек бағыттарда да оқушылардың жетістігі жетерлік. Қаланың 16 мектебі Назарбаев зияткерлік мектептерінің озық іс-тәжірибесін таратудың жетекші мектептері ретінде бекітіліп, 43 мектеп серіктес мектеп ретінде жұмыс істеуде. Педагогтарымыз да жоғарыдан көрінуде.

№49 мектеп-гимназияның математика пәнінің мұғалімі Айбек Мұратбаев республиканың «Үздік педагог-2022» атағына ие болды. Қазақстан математика пәні мұғалімдері қауымдастығы республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен ІХ халықаралық математикалық олипиадаға 11 педагог қатысып, оның жетеуі жүлделі орындарды иеленді.

Ұлттық бірыңғай тестілеуден оқушыларымыз өткен жылмен салыстырғанда жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Биыл ҰБТ-ға 55 мектептен 2702 мектеп бітірушінің 2167-сі (80,1 пайыз) қатысты. 327 түлек 100-ден жоғары балл алды. Бұл барлық бітірушілердің 23,5 пайызын құрады. 130-дан жоғары балл алған мектеп бітірушілер саны 8-ге жетті. Ең жоғары көрсеткіш – 134 балды №5 мектеп-гимназияның және 133 балды №45 гимназияның түлектері иеленді. Алдағы уақытта да Президент Жолдауындағы білім саласына бағытталған басымдықтарды ұтымды пайдаланып, білім саласының өркендеуіне күш сала бермекпіз.

Ұстазға бас имейтін жан жоқ!

Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

 

Раушан ҚОЖАМЖАРОВА,

Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support