- Advertisement -

Таразда қалдықты басқару жүйесі бар ма?

129

- Advertisement -

Елімізде «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін жетілдіруді міндеттеп отыр. Яғни, мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу үшін 2030 жылға дейін шығарылған қалдықтардың 40 пайызын қайта өңделген қалдықтар үлесіне жеткізу. Өйткені елімізде «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша 2013-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары – тұрғынжай қалдықтарын басқару аймағында мемлекет деңгейіндегі нақты стратегиялық құжат болып есептеледі.

Тұрғынжай қалдықтарының қайта өңдеу және энергия көздері ретінде, шикізат ретінде пайдалану жолымен климаттың өзгеруіне әсер етуі, әлемдік жылыжайлық газ шығарындыларының мөлшерін 10-15 пайызға азайтуға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар қалдықтарды басқару мәселелеріне жаңа талаптар мен жаңа толықтырулар енгізу арқылы экологиялық заңдар қатары үнемі жетілдіріліп отыратынын ұмытпаған абзал.

Атап айтар болсақ, Тараз қаласында қалдықтарды басқару жүйесі – қоқыс жинайтын көліктер және арнайы полигондарға шығару көмегімен контейнерлерден құралған тұрғынжай аралас қалдықтарын жинауымен ерекшеленеді. Облыстық статистика департаментінің мәліметіне сүйенсек, облыс орталығында тұрғынжай қалдықтарын шығарумен 2 жекеменшік компания айналысады. Олардың бірі – ірі, екіншісі – кіші кәсіпкерлік нысандарға жатады.

«Жасыл Ел-Тараз» ЖШС – ірі кәсіпорын. Аталған компания қаланың және халықтың тұрғынжай шаруашылығындағы қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз ету қызметтерін көрсетеді. Сонымен қатар серіктестік қаланы көгалдандыру, көлік жолдарының санитарлы шарттарға сай болуы, апаттық үйінділерді қолайлы жерге тасымалдау, тұрғынжай қалдықтарын шығару, автокөліктердің айыппұл тұрағында тұруын қадағалаумен айналысады. Мұнда қалдықтарды жинауға және шығаруға пайдаланылатын арнайы техникалардың түрлері мен саны және полигонның қызмет көрсетуі екі кестемен бекітілген.

Бүгінде Тараз қаласы бойынша тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын кәсіпорындар жағдайы қанағаттанарлық. Есептеулер қала аумағында қалдықтарды жинау және транспорттау қызметтерінің халықты қамту көрсеткіші 80 пайызды құрайтындығын көрсетуде.

Тараз қаласында заңды түрде белгіленген бір ғана полигон бар. Полигон тұрғынжай меншігі болып саналады және ол 1985 жылдан бастап пайдаланылып келеді. Полигонның жобалық қуаттылығы 500 мың тонна. Полигонға төгілген қатты тұрмыстық қалдықтарды жинаудың пайдаланылатын әдісі – үю арқылы жүзеге асады. Ал жою қоры 4 миллион теңгені құрайды. Полигон мемлекетаралық санитарлы-экологиялық нормаларға сәйкес келмейді. Жүргізілген зерттеу нәтижелері ҚР полигондарында жиналған қатты тұрмыстық қалдықтардың орташа морфологиялық құрамы төмен екендігін көрсетті.

Қатты тұрмыстық қалдықтардың құрамында 100-ден аса токсиндік зиянды қосылыстар болғандықтан, қоршаған ортаға ауыр экологиялық қауіп төндіреді. Олардың қатарына әртүрлі бояғыштар, сынап және оның қосылыстары, пестицидтер, еріткіштер, қорғасын және оның тұздары, дәрі-дәрмектер, пластмассалар, синтетикалық материалдар, полихлорбифенилдер кездеседі.

Дегенмен бүгінде қатты тұрмыстық қалдықтарды құрылыстық блоктарды дайындау мақсатында пайдаланады. Яғни, ҚТҚ құрамынан жанғыш фракцияларды алып тастау және отын тұтатқыштары мен түйіршіктелген отын алу технологиялары өңделіп енгізіліп отыр. ҚТҚ залалсыздандыру технологиясын таңдау кезінде кез келген нақты жағдайда, нақты жобалар шеңберінде шешілетін жеке қадам талап етіледі. Негізінен барлық қоқыс пайдалы өнімге айналса – қайталама шикізаты, энергия, тыңайтқыш болатын сызба барлығына қолайлы болар еді.

Қазір «Қалдықсыз қалдық» қағидасы өмірімізге еніп отыр. Қалдықтардың бірқатар көлемі рұқсатсыз төгілген қоқыс үйінділері санының жылдам өсуіне мұрындық болуда. Алайда қалдықтарды сандық және сапалық жағынан есепке алудың тиісті қызметтері мен залалсыздандыру және қайта өңдеу қаражаттары қоры ұйымдастырылмай отырғаны өкінішті.

Мәселелерді қалай шешуге болады? Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтар басқару жүйесі жасалынған. Ұсынылып отырғын жүйеде қоқыс іріктейтін стансалар мен шикізатты қайтадан жинауға арналған орталықтардың, қоқыс өңдейтін кәсіпорындардың құрылуы толығымен қарастырылған. Қатты тұрмыстық қалдықтары компоненттерін қайта өңдеуге мүмкіндік беретін әдіс ретінде ғана емес, сонымен қатар қайталама шикізат негізінде – әжетхана қағазы, қаптау материалын алу, жаяу жол плиткаларын өндіретін өндірістерді дамыту керек. Бұл үшін әрине қомақты қаржы керек. Қоқыс қалдықтарын көмуге арналған полигондардың да ұзақ қызмет көрсетуі үшін тұрғындардың мәдениеті де жоғары болуы шарт.

 

Анар ЖҰМАДІЛОВА,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Су шаруашылығы және табиғатты үйлестіру» институтының «Экология» кафедрасы, т.ғ.к, доцент.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support