- Advertisement -

Қоғамдық құрылымдардың рөлі

28

- Advertisement -

Тараз қаласындағы «Достық үйінде» ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қатысуымен облыс әкімдігінің қоғамдық келісім мекемесінің ұйымдастыруымен Қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту саласындағы қоғамдық құрылымдардың рөлі жөніндегі республикалық лекторийі өтті.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымының, депутаттық топтың өкілдері қатысты.

Жиынның мақсаты қоғамдық келісім мен бірлікті қамтамасыз етудегі Ассамблеяның қоғамдық құрылымдарының рөлін жандандырып, барлық азаматтарды жаңа Қазақстан мен ұлт құрылысы идеясын іске асыруға, азаматтардың жеке немесе ұжымдық қатысу арқылы мемлекетті басқаруға деген ұмтылысын, біріктіруші құндылықтарды қалыптастыру арқылы қазақстандық этностардың мәдени мұрасы мен дәстүрлерін сақтауды, қазақ халқының біріктіруші рөлін көрсетуді, мемлекеттік тілді меңгеруге деген сүйіспеншілікті нығайту болатын.

Лекторий аясында барлық облыс орталықтарында жаңа Қазақстан идеясын іске асыру жолында қоғамды шоғырландыруға бағытталған дәрістер өтті.

Ары қарай пленарлық отырыста модератор, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары Жалел Аббозов жиын барысында лекторийдің маңыздылын түсіндіре келе, Шымкент қаласынан келген қонақтарға сөз берді.

Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Икрам Хашимжанов «Орталық Азия мемлекетіндегі халықаралық қатынастардағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі» атты баяндамасында көпэтносты қоғамда ұлттық бірлікті сақтау – мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігінің, оның тәуелсіздігінің, әлеуметтік, экономикалық және саяси дамудың стратегиялық басымдықтарын іске асырудың негізгі шарты екенін тиілге тиек етті.

– Әрбір құрылымдық бөлімше бейбітшілік пен келісімнің дамуына белгілі бір үлес қосады. «Дустлик» ҚР өзбектер қауымдастығының арқасында Қазақстанда Өзбекстан жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Өзбекстан Республикасы Министрлер комитеті жанындағы шетелдермен ұлтаралық қатынастар және достық байланыстар комитеті арасындағы ынтымақтастық туралы бірлескен меморандумға қол қойылды. Меморандумда бейбітшілік пен келісімді сақтау, бірлескен іс-шаралар өткізу туралы айтылады, – деді.

Сондай-ақ жиын барысында «Еуразиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, Шымкент қаласы ҚХА жанындағы медиация кеңесінің төрайымы Лаура Ақшегірова этномедиацияны жүзеге асырудың жолдары және Шымкент қалалық ҚХА медиаторларының жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Республикалық лекторийде «Ассамблеяның ашық алаңы – қоғамдық келісім кеңесі» тақырыбында «Ынтымақ» этносаралық бірлестігінің төрағасы, Шымкент ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Гаухар Төлеповада сөз сөйледі. Өз сөзінде биылғы жылы Шымкент қаласының «Достық үйінде» ашылған «Бірлік алаңының» арқалаған төрт бағытына тоқталды.

Гаухар Төлепова «Бірлік алаңы» этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылымдардың қызметін ақпараттық тұрғыда қамтамасыз ету, ел бірлігін бекемдеуге бағытталған халықтық жобаларды талқылау, ассамблеяның «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасын ілгерілету және мемлекеттік тілді оқып-үйренуге ынталы жастарға тегін курс жүргізу бағыттарында жұмыс істейді.

«Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы аясында тараздықтардың «Аспара» сән көрсетілімін негізге ала отырып, заманауи этно стильдегі сән көрсетілімі аталып өтті. Сондай-ақ «Қымыз – ұлы даланың ұлы қазынасы» атты іс-шарада бие байлап, қымыз сапыруды кәсіп еткен азаматтар өзара сайысқа түсіп, ұлттық сусынды даярлау әдісі мен тәсілдері бойынша мықтыларын анықтады.

Іс-шара аясында Жамбыл облысы ҚХА халық шығармашылығы шеберлері клубының қолданбалы өнер көрмесі мен еркін пікірталас алаңы ұйымдастырылды.

Жиын соңында қонақтар қаланың тарихи-мәдени ескерткіштері мен көрікті орындарын тамашалап, естелік суреттерге түсті.

 

Айжан ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ,

журналист.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support