- Advertisement -

Таразда үшем дүниеге келді

231

- Advertisement -

Айгүл мен Сағдат Нұрмахановтар отбасында үлкен қуаныш. Олардың отбасы қазан айының соңында үшемдермен толықты.

Облыстық көпсалалы аурухананың перинаталдық блогында Шу қаласының тұрғыны екі қыз бен ұл баланы дүниеге әкелді. Бір қызығы, ерлі-зайыптылардың екі ересек қызы бар екен. Нұргүл 1998 жылғы, ал екінші қыздары Мадина 2002 жылы туған. Дегенмен сәби иісін сағынған олар 20 жылдан кейін тағы жүктілікті жоспарлапты. IVF әдісімен әйел үшінші рет бірден үшемге жүкті болған.

Балалар мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 30-аптасында дүниеге келді. Нәрестелердің салмағы 1 446, 1 481 және 1 476 грамм. Ата-аналары оларға София, Дания және Мұса деген әдемі есім таңдапты. Осылайша Нұрмахановтар бір сәтте-ақ көпбалалы отбасы атанды.

Жарық дүниеге келе сала сәбилерге қарқынды терапия қажет болып, олар бір күн бойы жансақтау бөлімінде ем қабылдады. Содан кейін екінші күні олар анасымен бірге болу үшін неонатология бөліміне ауыстырылған.

Неонаталдық қызмет басшысы Талғат Толықбаевтың айтуынша, қазір үшемнің денсаулығына, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, оларға арнайы күтім ұйымдастырылған. Анасы нәрестелерді күтіп, емізіп және жуындыруға да икемделіп қалды. Ал балалар салмақ қосып, әл-дәрмені жақсарып келеді.

 

Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support