- Advertisement -

Сыртқы сауда айналымы өскен

91

- Advertisement -

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестиция Комитетінің төрағасы Ардақ Зебешовпен кездесті. Сондай-ақ кездесуге «Kazakh Invest» ҰК» АҚ және шетелдік компаниялардың өкілдері қатысты. Аймақ басшысы өңірдегі ауылшаруашылық, өндіріс салаларының дамуына тоқталып, бүгінде «Kazakh Invest» ҰК» АҚ мен облыс арасындағы қарым-қатынас климатының жақсаруынан инвестициялық ахуалдың жақсарғандығын айтып өтті.

– Биылғы 10 айда облыстық негізгі инвестиция капиталы 311,7 миллиард теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,1 пайызға артық. Ағымдағы жылдың жартыжылдығында 12,9 миллион АҚШ доллары көлемінде шетелдік инвесторлар тартылды. Аймақта 8 800 жаңа жұмыс орнын ашу мақсатында қаржысы 2 триллион теңге болатын 75 инвестициялық жоба қаралды. Биылдың өзінде индустирияландырудың ортақ картасы негізінде 56,7 миллиард теңгеге 8 өндірістік – инновациялық жоба іске қосылып, 395 жаңа жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ тауарларды экспорттау 216,7 миллион долларға өсіп, бұл 85,1 пайызды құрады. Ал импорттың арасалмағы 360 миллион долларды құрап отыр. Өсім 17,6 пайыз. Аймақты дамытудың 2025 жылға дейінгі даму жоспары жасалып, онда негізінен үш бағыт басшылыққа алынды. Алдымен инвестициялық жобалар, екіншісі бюджеттік инвестициялық жобалар, үшінші тұрғындарды жұмыспен қамту. Әр апта сайын өңірлік инвестициялық штаб отырысы өтіп тұрады. Оған өзім төрағалық жасаймын. Осында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ағымдағы жылы 89 миллиард теңгеге 16 жобаны жүзеге асыру көзделді, – деді аймақ басшысы.

Жиында Ардақ Зебешов жыл сайын инвестициялық келісімшарттар саны артып
келе жатқанын алға тартып, облысымыз өзге өңірлер қатарында бұл жұмыстарды ширатып отырғандығын атап өтті. «Kazakh Invest» ҰК» АҚ өкілдері өңірдегі инвестициялық штабтың тәжірибесіне оң баға беріп, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Сонымен қатар «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-мен бірлесіп іске асырылған және алда жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар бойынша шетелдік компаниялар өкілдері – «Saintgobain» Орта Азиядағы Бас директоры (құрылыс материалдарын өндіру зауыты, Франция) Валери Филип, «QazaqSoda» ЖШС директоры (кальцийленген сода өндіру зауыты, «YildirimHolding», Түркия) Рамазан Ибраимов, Орта Азия мемлекеттері арасында еліміздің нарығына тұңғыш келіп отырған «KaratauChemicals» ЖШС жобалық менеджері ( химиялық өнім өндіру зауытының құрылысы «Koyuncugroup» Түркия) Ғалия Ержанова жоғарыдағы ұлттық компания мен жергілікті әкімдіктің инвесторларды қолдап отырғандарына ризашылықтарын білдірді.

 

Ерман ӘБДИЕВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support