- Advertisement -

Азаматтардың өтініші ескерусіз қалмайды

42

- Advertisement -

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Тараз қаласы, Байзақ, Талас аудандарынан жазылған тұрғындар түрлі мәселелерді көтерді. Айталық, таластық көпбалалы ана жеке тұрғын үй құрылысы үшін Тараз қаласынан жер беруді сұраса, байзақтық азамат дүкен салу үшін орын керектігін жеткізді.

Ал тараздық Сәкен Садықов өзінің қолөнер бұйымдарын және сүт өнімдерін сатумен айналысуға ниетті. Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға оның ұсынысын жан-жақты зерделеп, мүмкіндігінше қолдау шараларын ұйымдастыруды тапсырды.

Сондай-ақ жаттықтырушы Гузалия Гафурова спорт саласына қатысты жобаларын ұсынды.

Облыс әкімі барлық өтініштерді мұқият тыңдап, мәселелер заң аясында шешілетінін атап өтіп, жауаптыларға мүмкіндіктерді қарастыру бойынша міндеттер жүктеді.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support