- Advertisement -

Кәсіби-техникалық білім – заман талабы

49

- Advertisement -

Жамбыл өңіріндегі теміржол мекемелерінің қатарында «Әлеуметтік серіктестік» жобасы аясында орта кәсіптік білім беру жүйесінде білім алып жүрген мамандардың тәжірибеден өтуіне және олардың жұмыспен қамтылуына жақсы жағдай жасалған. Олардың қатарында «ЖТ Жамбыл бөлімшесі», Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясы, «Қамқор локомотив» ЖШС филиалы – Тараз локомотив жөндеу депосы, «ЖамбылРемСервис» ЖШС сынды ірі кәсіпорындар бар. Атап айтқанда, 2022-2023 оқу жылында Тараз теміржол көлігі және коммуникация колледжі «Теміржолдың жылжымалы тартқыш құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» және «Дәнекерлеу ісі» бойынша жоғарыдағы мекемелермен 115 үшжақты келісім жасаған.

Колледжде «Жұмыс беруші күні» аталып өтіп, оған кәсіпорындардың өкілдері қатысты. Колледж директоры Ұлжан Кенжебаева орта кәсіптік-техникалық оқу орнының бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстырып өтті. Ол еліміздегі кәсіби-техникалық білім беру жүйесі ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысы басым болып отырғанын алға тартты.

Сонымен қатар жыл сайын «Жомарт түлек» бағдарламасымен аталған колледждің және теміржол мекемелерінің танымал түлектері де жас теміржолшыларға көмек көрсетіп тұратындығын айтып өтті. Сондай-ақ кездесуде «ЖТ Жамбыл бөлімшесі» кадрлар бөлімінің басшысы Меруерт Бейсенбекқызы бұл шараның маңыздылығын айта келе, Жамбыл бөлімшесі жас мамандарды қолдауда жүйелі жұмыстар жүргізіп отырғандығына тоқталды. Ал Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясының Бас инженері Нұрғали Терлікбаев өз саласы бойынша мазмұнды әңгіме айтып, жас теміржолшыларды қызықтыра білді.

Жиын соңында «Қамқор локомотив» ЖШС филиалы – Тараз локомотив жөндеу депосының директоры Ілияс Лесбаев ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің Алғыс хатымен, өзге кәсіпорынның басшылары оқу орнының Алғыс хаттарымен марапатталды.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support