Кәсіби-техникалық білім – заман талабы

Кәсіби-техникалық білім – заман талабы
Колледжде «Жұмыс беруші күні» аталып өтіп, оған кәсіпорындардың өкілдері қатысты. Колледж директоры Ұлжан Кенжебаева орта кәсіптік-техникалық оқу орнының бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстырып өтті. Ол еліміздегі кәсіби-техникалық білім беру жүйесі ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысы басым болып отырғанын алға тартты. Сонымен қатар жыл сайын «Жомарт түлек» бағдарламасымен аталған колледждің және теміржол мекемелерінің танымал түлектері де жас теміржолшыларға көмек көрсетіп тұратындығын айтып өтті. Сондай-ақ кездесуде «ЖТ Жамбыл бөлімшесі» кадрлар бөлімінің басшысы Меруерт Бейсенбекқызы бұл шараның маңыздылығын айта келе, Жамбыл бөлімшесі жас мамандарды қолдауда жүйелі жұмыстар жүргізіп отырғандығына тоқталды. Ал Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясының Бас инженері Нұрғали Терлікбаев өз саласы бойынша мазмұнды әңгіме айтып, жас теміржолшыларды қызықтыра білді. Жиын соңында «Қамқор локомотив» ЖШС филиалы – Тараз локомотив жөндеу депосының директоры Ілияс Лесбаев ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің Алғыс хатымен, өзге кәсіпорынның басшылары оқу орнының Алғыс хаттарымен марапатталды.