- Advertisement -

Ұстаз мұраты – қоғамға қызмет

117

- Advertisement -

Ұлттық сана, ұлттық код – рухани жаңарудың түп қазығы. Кез келген адам рухани өсу негізінде қоғаммен тығыз байланыста болады. Қоғам – адамзаттың рухани айнасы іспетті. Өзімізді үздіксіз біліммен қаруландырып, қоғамның игілігі үшін еңбек етуіміз керек. Қоғамға қызмет етушілердің бірі – ұстаз.

Ұстаз мұраты – қоғамға қызмет ету мен саналы ұрпақ тәрбиелеу. Өзіне сенген, өзін жетілдірген адамның бойында рухани-адамгершілік қасиеттер мол болады. Сол қасиеттерді қоғам игілігі үшін сарқа жұмсап, жалпы адамзаттық құндылықтардың салтанат құруы мектеп табалдырығынан басталады. Қазіргі таңда әлеуметтік жобалар орта білім беру ұйымдарында да жүзеге асырылуда. Соның бір айғағы – мектебімізде «Қоғамға қызмет ету» жобасы екі жылдан бері жүзеге асырылып келеді.

Жобаның негізгі мақсаты – білім алушылардың сана-сезіміне адамгершілік, қоғамға қажеттілік, қайырымдылық сияқты адами құндылықтарды ұялату, жасөспірімдердің өмірге деген белсенді ұстанымын қалыптастыру. Білім алушы жастарды еріктілер қызметіне тарту.

Аталмыш жоба аясында мектепішілік «Өркениет» шаңырағы жұмыс жасайды. Құрамы әр сыныптан жиналған дарынды, озат оқушылардан құралып, үш бағытта жұмыс істейді.

Мұндай жоба арқылы оқушылар қоғамның әлеуметтік мәселелерін көріп, шешу жолдарын үйреніп әрі әлеуметтік мекемелерде іс-тәжірибеден өтті. Қоғамға қызмет ету барысында оқушыларымызда рухани адамгершілік тәрбие дағдысы қалыптасатыны сөзсіз.

Сонымен қатар «Қарттарым – асыл қазынам», «Елге қызмет – абыройлы міндет», «Жомарт жүрек» тақырыптарында ұйымдастырылған іс-шаралар жеткіншектердің санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастырады. Сондай-ақ осындай жоба аясында мектептің түлегі меценат Жанболат Бекмұсаевпен кездесу барысында мектеп жанынан құрылған интернаттағы 74 балаға етік, сыртқы киім және басқа да сыйлықтар табысталды. Осындай жобалар арқылы оқушылар қоғамға қызмет етудің қыр-сырымен танысты.

 

Гүлзипа СЫЗДЫҚОВА,

Б.Қашқынбаев атындағы орта мектебі

директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Сарысу ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support