Құқық

Еркіндікке жолдама алғанымен, есепке қойылады

Еркіндікке жолдама алғанымен, есепке қойылады

Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінен 22 жастағы азамат бостандыққа шықты. Жаза мерзімінің аяқталуына байланысты еркін өмірге қадам басқан ол ҚР Қылмыстық Кодексінің 188 бабы 1 бөлігіне сай, сот үкімімен бас бостандығынан айырылған еді. Бостандыққа бет алған жас жігіт алдағы 3 жыл мерзімде тұрғылықты мекен-жайы бойынша жергілікті полиция бөлімінің есебіне алынады. Мұндай үкім – оның түзеу мекемесіндегі тәртібіне байланысты болып отыр. Өйткені, ол жабық мекемеде белгілі бір тәртіптерге бағынғысы келмеген.