- Advertisement -

Шерхан Мұртаза атындағы кабинет ашылды

117

- Advertisement -

Шара барысында қаламгер атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті ашылды. Кабинеттің  материалдық-техникалық жабдықталуына  Ш.Мұртаза атындағы қайырымдылық қорының төрағасы, саясаттану ғылымдарының докторы Қайрат Айтбай демеушілік  жасаған. Қаламгердің сыныптасы Әбдуәлі Данаев пен Қайрат Орынбайұлы кабинеттің лентасын қиып, ізгі тілектерін жеткізді.

Сондай-ақ осы күні мектептің кітапханасына ұлағатты ұстаз Шынар Дүйсенованың есімі беріліп, «Анаға тағзым» бұрышы ашылды.

Шара соңы әдеби-сазды кешке ұласып, өнерпаз өрендер Шер-ағаның «Интернат наны» әңгімесінің желісі бойынша қойылым көрсетіп, «Бір кем дүние» туындысынан үзінді оқыды.

 

Құрмаш Қаптағай

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support