«Емханаға... кезексіз» режімінде жұмыс істейміз
«Емханаға... кезексіз» режімінде жұмыс істейміз
«Мейірім» медициналық орталығы – өңіріміздегі халықаралық стандарт бойынша жұмыс істейтін, ИСО халықаралық сапа менеджменті жүйесіне сәйкестігі жөнінде сертификат иеленген бірден-бір мекеме. Тиісінше аккредитациялаудан да өткен. Оның құрамындағы №8 қалалық емхана 2012 жылдан бастап медициналық көмек көрсетудің жаңадан енгізілген «Емханаға... кезексіз» жұмыс режіміне көшірілген-ді. Өзі ашылғалы бергі 15 жыл ішінде орталық қамтуындағы тұрғындар саны өсіп, 40 мыңға жетті. Мұнда екі жүздей медициналық қызметкер бар. Екі жылдан бері Құмшағал, Қызылабад, Көлтоған елді мекендері тұрғындарына да медициналық қызмет көрсетудеміз. Емхананың материалдық-техникалық әлеуеті жылдан-жылға нығайып келеді. Мұндағы жоғары білікті дәрігерлер тарапынан көрсетілетін медициналық қызмет сан салалы. Кеңес беру, жүктілерді диспансерлік есепке алу, иммундық алдын алу, ересектерге және балаларға скринингтік зерттеу, түрлі емшаралар жүзеге асырылады. Дәрігерлер қабылдауына алдын ала жазылу және үйге шақыртуды тіркеу бөлімдеріне хабарласу арқылы да жүзеге асыруға болады. Науқастарды жоспарлы түрде ауруханаға жатқызуға жолдаманы осы қызмет бюросының порталы арқылы қосымша тексерулердің қорытындысымен дәрігерлер береді. Азаматтарды өз таңдауы бойынша емханаға бекіту жұмыстары барысында біздің емханамызды таңдаушылар саны көбейіп тұр. Бұл да болса емдеу орнымызға тұрғындар тарапынан сенім көрсетілуі деп білеміз. Халық денсаулығын сақтап, нығайту жолында аянбай еңбек ете береміз.
Тахура ӘДЕНОВА, № 8 Тараз қалалық емханасының бас дәрігері.