- Advertisement -

Қараусыз қалған сәбилер қаза тапты

114

- Advertisement -

2 желтоқсан күні түнде Шу қаласында жеке тұрғын үйде 30 шаршыметр аумақта өрт болып, үй заттары мен жиһаз жанды. Өрт орнында 2017 және 2020 жылы туған екі бүлдіршіннің мәйіті табылды.

Бірінші бөлімше өрт орнына хабарлама түскен соң 3 минуттан кейін келді. Өрт кезінде балалар үйде жалғыз, ересектердің қарауынсыз болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, қайтыс болған сәбилердің анасы балаларын үйде қалдырып, есікті сыртынан жауып тастап кеткен.

Айта кету керек, бұл үйде профилактикалық жұмыс 22 қазанда жүргізіліп, өрт сөндірушілер рейдтік іс-шаралар барысында осы үйге барып, өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірген. Өкінішке қарай, ата-ананың балаларына немқұрайлы қарауының салдарынан екі сәби өртеніп кетті. Осы өрт фактісі бойынша ҚР ҚК 292-бабының 3-бөлігі «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта аталған қылмыстық іс шеңберінде тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Құрметті азаматтар! Сақ болыңыздар және кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!

 

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

 

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support