Демалыс күндері де дамыл жоқ
Демалыс күндері де дамыл жоқ
Келесі күні, яғни жексенбіде қаланың Жібек жолы көшесіндегі «Бекнұр» моншасының ауласында жеңіл автокөлік өртке оранғандығы жөнінде хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына №3 өрт сөндіру бөлімінен 1 өрт сөндіру автокөлігі мен 5 адам жеке құрам шығып, өрт 15 минутта ауыздықталды. Оқыс оқиға салдарынан автокөліктің қозғалтқыш бөлігі өртеніп кетті. Сондай-ақ Сарысу ауданының орталығы – Жаңатас қаласында көпқабатты тұрғын үйдің 4-ші қабатындағы балконда есігі құлыптанып қалып қойған ер адамды автосаты көмегімен құтқару жұмыстары жүргізілді. Жалпы, өткен демалыс күндері облыстың өрт сөндіруші-құтқарушылары авариялық-құтқару жұмыстарына – 1 рет, іздестіру жұмыстарына – 1, қоқыстың және көмірдің жану оқиғасына – 2, есік ашу жұмыстарына – 3, түтіннен тазарту жұмыстарына – 1, расталмаған жану оқиғасына – 1 рет шықты. Аталған өрт оқиғалары мен төтенше жағдайлардан қаза болғандар мен зардап шеккендер тіркелмеді. Құрметті облыс және қала тұрғындары! Үйден шығарда балалар мен қарттарды қараусыз қалдырмай, электр және газ құралдарын қуат көзінен ажыратып, үйді жылыту үшін пеш жаққанда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз. Сондай-ақ ауа райының қолайсыз кездерінде жолға шығуды кейінге қалдырған жөн екендігін ұмытпауды сұраймыз. Ал өрт немесе төтенше жағдайлар туындағанда «101» және «112» телефон нөмірлеріне қоңырау шалу ақысыз негізде жүзеге асырылатынын естеріңізге саламыз.
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару
жұмыстары қызметінің қоғаммен байланыс тобы.