Жол қозғалысы ережелерін бұзудың 200-ден астам дерегі анықталды

16

Өңірімізде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолаушыларды тасымалдайтын жүргізушілердің арасында көлік тәртібін сақтау мақсатында «Автобус» жедел-алдын алу шарасы өткізілуде.

Профилактикалық шараның алғашқы күнінде қоғамдық көлік жүргізушілерінің қатысуымен орын алған жол қозғалысы ережелерін бұзудың 200-ден астам дерегі анықталып, айып тұрағына 14 автокөлік қойылды.

Сондай-ақ, басып озу және маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін – 54, жылдамдықты асырғаны үшін – 8, сақтандыру полисінсіз басқарғаны үшін 10 қоғамдық көлік жүргізушілері жауапқа тартылды. Ал көлік құралын басқару кезінде жүргізушілердің ұялы телефонды пайдалануының 20-дан астам дерегі анықталды.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде жолаушылар көлігінің қатысуымен 21 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 10 адам қаза тапқан. Сондай-ақ 52 азамат жарақат алған. Дайындаған Есен ӨТЕУЛІ.

Comments are closed.