Құқық

Мас жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды

Мас жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды

Талас аудандық полиция қызметкерлері «Аса-Ақкөл-Ойық-Ұланбел» тасжолының бойында жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін «Ауди Б4» маркалы автокөлігін тоқтатып, жүргізушімен әңгімелесу барысында оның мас күйде екенін байқаған. Ал сараптама нәтижесінде ер адамның «жеңіл» дәрежедегі ішімдік ішкендігі анықталды.

Сонымен қатар құжаттарды тексеру кезінде әкімшілік соттың 2021 жылғы 25 қазандағы шешімімен жүргізушінің 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Бүгінгі таңда бұл дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігімен (Көлік құралын басқару құқығынан және мас күйінде жүрген адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.