Құқық

Есірткі заттарын сақтаған күдiктi ұсталды

Есірткі заттарын сақтаған күдiктi ұсталды

Өңірімізде есірткі өткізу арнасының жолын кесу бойынша жүргізілген арнайы операция барысында 43 жастағы азамат ұсталды. Оның Меркі ауданындағы тұрғылықты жерін тінту барысында жалпы салмағы 231 келi 916 грамм болатын «кептірілген марихуана» есірткі затының 19 қапшығы және салмағы 2 келi 300 грамм «гашиш» есірткі заты табылды. Сондай-ақ өсімдік затын ұнтақтауға арналған 2 елеуiш пен арнайы аппарат тәркіленді.

Бүгінгі таңда осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен (есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, аталған бапқа сәйкес мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.  

Есен ӨТЕУЛІ.