Мал ұрлығының 15 дерегі ашылды
Мал ұрлығының 15 дерегі ашылды
«Мал ұрысы» республикалық жедел-профилактикалық шарасы аясында өңірімізде осы қылмыстың 15 дерегі ашылып, 4 қылмыстық топ құрықталды. Бұдан бөлек, бұл күндері орын алған 3 мал ұрлығының дерегі дер кезінде ашылып, иелеріне қайтарылды. Тәртіп сақшылары іс-шара кезінде ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы бойынша (ауыл шаруашылығы жануарларын және ет өнімдерін ілеспе құжатсыз тасымалдауды бұзу немесе ветеринария саласындағы заңнаманы бұзу) – 51, дәл осы Кодекстің 408-бабына сай (ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу) 95 деректі анықтады.
Жалпы, жыл басынан бері ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу салдарынан республикалық автожолдарда 16 жол-көлік оқиғасы орын алып, 3 адам ажал құшқан. Сондай-ақ 28 азамат түрлі дене жарақаттарын алған.
Есен ӨТЕУЛІ.