- Advertisement -

Банкке барсаң, біліп бар!

84

- Advertisement -

Газеттің алдыңғы санында біз банк түрлеріне тоқталған болатынбыз. Ал бұл мақаламызда банкпен келісім жайын қаузамақпыз. Әдетте банктен несие рәсімдегенде немесе депозит ашарда көп жағдайда келісімшартты басым көпшілігіміз мән беріп оқымаймыз да, банк менеджері көрсеткен жерлерге қол қойып шығамыз. Ал сіз қолыңызды не үшін қоясыз? Банкке пайызға ақша салып, банк салымы туралы келісімшарт жасасасыз. Бірақ, бұл әртүрлі жолмен рәсімделуі мүмкін.

  1. Сіз келісімшарт құжатына қолыңызды қоясыз, мұнда салымшы мен банктің құқықтары мен міндеттері белгіленген бір данасын қолыңызға аласыз. Келісімшартқа қол қоюдан бұрын онымен дұрыстап танысуыңыз керек.
  2. Сізге шарттан бөлек қол қоюға «Ережелер» неме с е «Шарттармен» танысу үшін банктің басқа құжаттарын береді. Сол кезде құжатты міндетті түрде оқыңыз.

Келісімшартты не үшін оқу керек? Бір жағынан банктің потенциалды сенімсіздігін білдіреді, екінші жағынан, сіз осы міндет арқылы 100 пайыз қорғаныста боласыз. Ұмытпаңыз, келісімшартқа қолыңызды қойғаннан кейін, сіз сол шарттағы өз атыңызға барлық құқықтар мен міндеттерді аласыз.

Сіз кіммен келісімшарт жасасасыз? Келісімде екі жақ нақты көрсетілуі керек, мысалы, «Халық банкі» — «Коммерциялық банкі, одан әрі «Банк» атынан қызметкер Арман (лауазымы көрсетілген), Жарғы негізінде қолданылатын нұсқа: сенімхат негізінде № (нөмірі мен күні); № бұйрығы (нөмірі мен күні) негізінде, екінші жағынан азамат Арманов, осы келісімшартты төмендегідей шарттар бойынша жасасты…».

Екіншіден, келісімшартта көрсетілген тұлға банк атынан келісім жасауға құқылы. Сонымен бірге келісімде тұлғаның «жанды» қолы мен банктің «жанды» мөрі қойылуы тиіс.

Үшіншіден, банк филиалы заңды тұлға бола алмайды және өздігінен келісімдер жасай алмайды.

Банк сізге не және қашан төлеуге уәде береді? Келісімнің шарттарына байланысты сіз өз салымыңыздың қосылған пайыздарымен берге біржолғы алуға (мерзімі біткен соң) немесе пайызыңызды уақтылы алуға (айына бір рет немесе тоқсанына, жылына бір рет) құқыңыз бар. Дұрысы, келісімде салымыңызды алудың нақты күндері көрсетілуі керек. Егер «бір айдан соң», «үш айдан соң» деген сыңайда жазылса, банк соза береді.

Пайыздық төлемдердің мөлшері. Әдетте, сіздің табысыңыз келісімде салым сомасының пайызы ретінде көрсетіледі. Егер келісіміңіз ұзақ мерзімді болса, банк мөлшерлемелерін қайта қарастыруы мүмкін.

Өз міндеттеріңізді орындаудың жауапкершілігі – әр келісімдегі қажетті тармақтың бірі. Мұнда екі тарап та жауапты болуы керек.

Есіңізде болсын! Банкпен шартқа қол қоя отырып, сіз оның барлық шарттарымен келісесіз және оларды орындау бойынша міндеттілікті қабылдайсыз, алегерол міндеттерді орындамасаңыз, банк сотқа шағымдануға құқылы болады.

Салымшыға қарағанда, келісімшартта банк жағында басымдылықтар көп болып есептеледі. Бірақ, сіз өз құқығыңыз бен міндетіңізді жақсы білсеңіз, сіз банктен не қажет екенін түсіне сіз, позицияңызды теңе стіріп, алданып қалмауға тырысасыз. Ол үшін банк таңдағанда, келісімшарт жасасқанда мұқият және парасатты болуыңыз керек.

Қаржылық ұйымға жолығу – жауапты шешім. Банкке жолығуға шешім қабылдамастан бұрын нақты қажеттілігіңізді есептеп алыңыз. Сіз өз мұқтаждығыңыздың мәселе сін шешумен бірге, өзіңізді бірнеше міндеттермен «байланыстырасыз». Ат ап айтсақ, белгіленген уақытта қарызға алған соманы, несиені пайдаланғаны үшін пайызды төлеу, банкке төлемдер жасау, банк шотын ашу және жүргізу, ақша аудару, т.б. есіңізде сақтаңыз, егер кейбір төлемдер немесе қарастырылған тұтынушының басқа әрекеттері орындалмайтын болса, онда банк айыппұл немесе өсімпұл төлетуге құқығы бар.

Бастысы, бір ғана банкке барумен шектелмеңіз. Қызметтерінің құнымен толықтығын салыстырып көріңіз, мүмкін, басқа банктің шарттары сізге ыңғайлы және тиімдірек шарттар ұсынатын болар.

Барлық құжаттарды мұқият оқып шығыңыз. Құжаттарға қол қоюға асықпаңыз, оларды мұқият оқып шығыңыз. Егер мүмкіндік болса, оқып шығу үшін шартты үйге алып кетіңіз. Құжатта сізге мәлім емес немесе мағынасы сіз үшін түсініксіз шарттардың жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Егер қандай да бір шарттар сізге түсініксіз болса, банк қызметкерлерінің түсіндіруін талап етіңіз, сізді қызықтырған мәселелерді нақтылаңыз. Банк шарттарын толық зерттеген соң, барлық жағдайды тағы бір рет таразыға салыңыз, банк қызметтерін дер кезінде төлеу немесе несиені қайтару бойынша өз мүмкіндіктеріңізді байыппен бағалаңыз.

 

Эльвира Жарылқасынова

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support