20 педагог жеңімпаз атанды

20 педагог жеңімпаз атанды
Байқау нәтижесі бойынша облыстың математика, физика, информатика пәндерінің мұғалімдерінен құрылған команда II орынды иеленіп, 20 педагог жеңімпаз атанды. Атап айтсақ, ІІ орынды облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі М.Талканбаев, облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі Н.Серікбаев, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатының физика пәнінің мұғалімі А.Мұрат иеленді. Сондай-ақ Тараз қаласы Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназияның математика пәнінің мұғалімі Д.Убишов, Байзақ ауданы Ғ.Мұратбаев атындағы гимназияның физика пәнінің мұғалімі Қ.Сейдібаев және математика пәнінің мұғалімі Б.Усенова, Тараз қаласы №40 гимназияның информатика пәнінің мұғалімі Е.Умирзақова, Жуалы ауданы №2 Мыңбұлақ орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Б.Сабиев те осы жеңіс тұғырынан көрінді. ІІI орынды облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейінің математика пәнінің мұғалімі Е.Ғани, Тараз қаласы Б.Момышұлы атындағы №45 гимназияның математика пәнінің мұғалімдері М.Каспаков, Б.Кеңесов, №30 мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі О.Досеке, Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Н.Торбаев, №125 «EDUCATION» мектебінің математика пәнінің мұғалімі Н.Жаңабаев алды. Талас ауданы Алғабас орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Н.Биғазиев, Байзақ ауданы Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі А.Абдураманов, Жамбыл ауданы Төле би атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Г.Ашималиева, Меркі ауданы №39 А.Қожакеев атындағы мектеп гимназияның физика пәнінің мұғалімі А.Байболатов, №16 орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Н.Сауытбек, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатының информатика пәнінің мұғалімі А.Котов та жүлделі орынды қанжығасына байлады.
Білім басқармасының баспасөз қызметі.