Таразға тағзым
Таразға тағзым
О, Тараз! Жанымның алтындай бөлшегі, Күндіз де сүйемін мен сені, Тіпті айлы түнде де, Мен сені сүйемін ертегі-ділменен. Мендік ғұмыр-кітаптың Қымбат бір бетісің, шаһарым. Күмбірле, домбыра, Жамбылдың жерін қос күйіңе, Жырласын көкорай дүние, Күй шалқыт, домбыра, Шыңдарда мызғыған бұлт жайлы, Жүгірген бұлақты жұртқа әйгі, Көкмұнар өзен мен көл жайлы, Олар да өзінше толғайды, Көне аңыз, әфсана жайлы айтшы, Аңыздар Айша мен Қарахан Махаббат маздағын лаулатсын. Ғасырлар өтсе де өшпейтін, Өлмеске айналған ерліктің, Таразым, мәнісін енді ұқтың! Сол бағзы кезіңдей жап-жассың, Құлпыра жайнаумен гүл-өңің, Феникс құс сынды түледің, Атқақтай соғып тұр жүрегің, Таразым!