- Advertisement -

Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды

80

- Advertisement -

Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінен алматылық азамат шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. 36 жастағы ер адам ағымдағы жылдың ақпан айында сот шешімімен ҚР Қылмыстық Кодексінің 346 бабы 1 бөлігіне сай кінәлі деп танылып, бір жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған.

Жазасын өтеушіні мекеме аумағынан шығарып салу сәтінде ҚАЖ қызметкерлері оған міндеттері мен құқықтарын түсіндіріп, бұдан былай қылмыс жасамау қажеттігін ескертті. Айта кетейік, темір торға тоғытылған сотталған азаматтардың еркіндікке ертерек жолдама алуына міндетті түрде олардың түзеу мекемелеріндегі тәртібі ескеріледі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support