Мас күйінде көлік басқарған 14 жүргізуші анықталды

16

Бүгінгі таңда облыс көлемінде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Мақсаты – көшелерде және қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу.

Рейдтік жұмыстар барысында тәртіп сақшылары 824 қараусыз қалған тұрғын үй мен саяжайларды аралап, зерделеу жұмыстарын жүргізген. Сондай-ақ профилактикалық есепте тұрған 1 200-ден астам азаматтың тұрғылықты жері мен 380 жалдамалы пәтерлер мен көп адам шоғырланатын аймақтар тексерілген.

Нәтижесінде 19 қылмыс ашылған. Бұдан бөлек, 1 626 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, масаң күйде автокөлікті басқарудың 14 дерегі тіркелген. Ал ұсақ бұзақылық жасаған 124 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Comments are closed.