Қараусыз нысандар тексерілуде
Қараусыз нысандар тексерілуде
Облыстық полиция департаментіне бағынысты көліктегі полиция басқармасы басшысының нұсқауымен теміржол бойында қараусыз қалған және апаттық нысандарды тексерудің сегізінші кезеңі аяқталды. Шараның негізгі мақсаты – қарудың заңсыз айналымының жолын кесу, ұрланған немесе жоғалған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді іздестіру. Шара аясында Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімінің, әкімшілік полиция бөлімшесінің және теміржол ұйымдарының, жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция қызметкерлері, «Әскерилендірілген темір жол күзеті» мен полицияның қоғамдық көмекшілері рейдтік жұмыстар жүргізді. Суық қаруларды іздестіру кезінде қызметтік иттерде жұмылдырылды.
Аслан ДҮЙСЕМБАЕВ,
Тараз станциясындағы ЖПБ бастығының бірінші орынбасары,
полиция подполковнигі.