- Advertisement -

Банк түрлері

299

- Advertisement -

Анаңыздың қияр тұздағанын көрген боларсыз. Көрсеңіз, ақша да солай бұзылмай, ұзақ сақтала алады. Қиярды кіші банкі, үлкенірек банкі, бөшкеге тұздаған сияқты, ақшаңызды да түрлі қаржы құралдарына салып, инвестициялауға болады. Соның ішіндегі ең қарапайымы – банк.

Банк – еркін ақшалай қаражаттарды (салымдар) жинақтап, оларды уақытша пайдалануға несие ретінде береді. Мекемелер немесе жеке тұлғалар арасындағы өзара төлемдер мен есептер жасасуға көмектеседі, жаңа ақшалар шығарылымын қоса, елдегі ақшалай айналысты реттейді.

Ұлттық банк. Шетелдерде көбінесе ол Орталық немесе эмиссиялық банк деп аталады. Көп елдерде бұл банк мемлекетке бағынады. Бізде де солай. Ұлттық банк негізгі қолма-қол ақшалай массаны құрайтын банкнотты айналымға шығару үшін монополиялық құқығы бар. Ол несиелік – ақшалай саланы және валюталық айналысты реттей отырып, ресми алтын валюталық қорды сақтайды, мемлекеттік қаржы саясатын жүргізеді. Ұлттық банк мемлекеттік қарызды басқаруға қатысады. Өз ережесі бойынша несиелік жүйеде «банктердің банкі» деген рөлді атқарады, яғни міндетті резервтерін және коммерциялық банктер мен басқа мекемелердің еркін қаражаттарын сақтайды, оларға қарыз береді.

Коммерциялық банктер – несиелік жүйенің негізгі сатысы. Олар банк операцияларының барлық түрлерін жүзеге асырады. Олардың қызметтері: ағымдағы шотқа салымдарды алу, өндіріс және сауда кәсіпорындарына қысқа мерзімді несие беру, олардың арасында есеп жасасу, мерзімді және жинақ салымдарын (депозит) қабылдайды, орта және ұзақ мерзімге несие береді.

Инвестициялық банктер – бұл бағалы қағаздар шығаратын компаниялар, корпорациялар және қор нарығы арасындағы делдал рөлін атқарады. Инвестициялық банктер үшін тәжірибе, корпорациялардан акциялар немесе облигацияларды тікелей қабылдау болып саналады. Кейін аталған банктер тобы жеке тұлғалар мен ұйымдарға бағалы қағаздар сату үшін синдикат қалыптастырады. Инвестициялық банктер қаржылық транзакциялар, қосылу мен жұтылу келісімдері кезінде консалтинг қызметтерін көрсетеді, бағалы қағаздарды тарату кезінде гарант ретінде қызмет етеді.

Жинақ банктері – бұл жергілікті және ұлттық несиелік мекемелер. Бұл санаттағы банктерді мемлекет қадағалайды. Жинақ банктерінің пассивті операциялары халықтан ағымдағы және басқа да шоттарға салым қабылдайды. Активті операциялар тұтынушы және ипотекалық несие, жеке және мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуды ұсынады.

Ипотекалық банктер – жылжымайтын мүлікті кепілге алу арқылы ұзақ мерзімді несие береді. Аталған банктердің пассивті операциялары ипотекалық облигацияларды шығарумен айналысады.

 

Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support