Жамбылда не жаңалық?

Тараз

Тараз

Ұлттық валюта күніне орай Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Жамбыл филиалында өткен Ашық есік күнінде мекеме қызметкерлері келушілерге банк қызметі, облыстың қаржы нарығындағы жағдай, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу, валюталық реттеу және қадағалау туралы жан-жақты түсінік берді. Филиал директорының орынбасары Нұрлан Берікбосынов іс-шара мақсатын түсіндіргеннен кейін бейнетаспа арқылы ақшаның тарихы, қолданыстан шыққан және қолданыстағы теңге номиналдары көрсетіліп, олардың мерейтойлық шығарылымдары туралы айтылды. Келушілерді тағы бір қызықтырған бағалы металдардан жасалған монеталар көрмесі болды. Онда алтын мен күмістен жасалған монеталарды сатып алу мүмкіндігі де қарастырылған.