Жаңалықтар

Басқарма бақылауында

Басқарма бақылауында

Жылыту маусымының қалыпты жұмысын үйлестіру мақсатында облыстық штаб құрылып, қазір кестеге сәйкес ай сайын штаб отырысы өткізіліп отыр. Бүгінде облыста 9 негізгі («Таразэнергоорталық» АҚ, «ЖГРЭС» АҚ, «Таразтрансэнерго» МКК, «Жамбыл-Жылу» МКК, «София» ЖШС, «Игілік» КМК, «Жаңатас Су-Жылу» КМК, «Шу-Жылу» КМК, «Құлан Энерго-Жылу» КМК) жылу энергетика кәсіпорындары және 565 әлеуметтік нысанның автономды қазандықтары бар.

Жалпы, аталған жылу көздерімен 1650 көпқабатты тұрғын үй, 782 білім, 388 денсаулық сақтау, 467 мәдениет, 81 спорт нысандары қамтамасыз етілуде. ҚР Құрылыс нормалары мен Ережелеріне сәйкес өңірде жылыту маусымы 164 тәулікті құрайды (ҚНжЕ 2.04-21-2004 «Климатологиялық құрылысы»). Облыстағы жылу энергия көздері жоспарға сәйкес қажетті резервтік отын қорымен қамтамасыз етілді. Резервтік көмір қоры 1,4 мың тоннаны құраса, нормативтік мазут қоры 11,9 мың тонна. Сонымен қатар отын-энергетика кешендерін әлеуметтік мазутпен қамтамасыз ету үшін облысқа 25,5 мың тонна мазут бөлінді, оның ішінде: «Жаңатас-Су-Жылу» МКК – 13430 тонна, «Т.И.Батуров атындағы ЖГРЭС» АҚ – 10000 тонна, «Таразэнергоорталық» АҚ – 1500 тонна, «Жамбыл-Жылу» МКК – 600 тонна. Кестеге сәйкес Жаңатас қаласына ай сайын жоспарланған 2000 тонна мазут отыны тұрақты тасымалдануда. Бүгінгі күнге 7869 тонна мазут жеткізілді. Алдағы уақытта қалған 5561 тонна мазут кестеге сәйкес 2023 жылдың ақпан айына дейін тасымалданатын болады. Қазіргі таңда қазандықта 76 тәулікке жеткілікті 4610 тонна мазут бар, тәуліктік тұтыну көлемі – 58-60 тонна. Қаратау, Шу және Жаңатас қалаларының орталық қазандықтарын 20,8 миллион текшеметр табиғи газбен және 13,4 мың тонна мазутпен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен жалпы 2,2 миллиард теңге қарастырылды. Облыс бойынша жылыту маусымының өту барысы тұрақты бақылауға алынған. Барлық отын-энергетика кешендері штаттық режимде жұмыс істеуде. Электр стансалары мен желілерін техникалық пайдалану Қағидаларына сәйкес жылу жүйесіне берілетін жылу температурасы 12-24 сағат уақыт аралығында сыртқы ауаның орташа температурасы бойынша анықталады. Барлық отын-энергетика кешендеріндегі температуралық кестенің сақталуы тұрақты бақылауда. Биыл жылыту маусымына қажетті көмірдің жалпы көлемі 221,1 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде бюджеттік ұйымдардың автономды қазандықтары үшін жоспарланған 60,8 мың тонна көмір толық қамтамасыз етілді. Ал тұрғындар үшін күзгі-қысқы маусымдағы жоспарлы көмір отынын тұтыну көлемі 160,3 мың тонна. Бұл көмір отынын 2023 жылдың сәуір айына дейін жеткізу жоспарланған. Қазір тұрғындар 145,5 мың тонна көмірмен қамтылды, яғни – 91 пайыз. Аймақта көмір сатумен 31 нарық субъектісі айналысады, оның 25-і өңірлік операторлар болып табылады. Бізде 35 теміржол тұйықтары орналасқан. Шұбаркөл, Қаражыра маркалы көмірлердің орта бағасы сортына (фракциясы) қарай тоннасына 14-17 мың теңгені құрап отыр, алшақ елді мекендерді жеткізу құнымен есептегенде көмір бағасы тоннасына 18-21 мың теңгеге дейін барады. Жамбыл, Байзақ, Талас, Мойынқұм аудандарындағы көмір сатумен айналысатын теміржол тұйықтары бар нарық субъектілері жоқ. Сондықтан бұл аудан тұрғындары Тараз және Шу қалаларындағы теміржол тұйықтарынан көмір сатып алады. «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Жамбыл бөлімшесінің мәліметі бойынша ағымдағы жылдың 1 мамыр – 30 қараша аралығында облысқа 320,5 мың тонна көмір жеткізілген. Көмір вагондары тұрақты келуде. Өңірде көмір тапшылығы жоқ. Қазіргі таңда теміржол тұйықтарында 21,4 мың тонна көмір бар. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі №514 бұйрығымен республика аумағынан тас көмірді 6 ай мерзімге автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салынып, құзырлы органдар тарапынан тиісті шаралар қабылданды. Осы ретте, облыс тұрғындары, қыс маусымы кезінде қажетті көмір қорымен толыққанды қамданып алу үшін өздеріне жақын теміржол тұйықтарынан көмірді кезексіз сатып алуларына болады. Қыс маусымының қалыпты өтуі үшін тұрғындардың арыз-шағымдарына тұрақты мониторинг жүргізіліп, кері байланыс орнатылған. Өтінімдерге сәйкес уәкілетті органдармен құрылған жұмыс тобы жергілікті орынға шығып, жылу жүйелеріне зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Шағымдардың басым көпшілігі тұрғындар тарапынан өз кезегінде үй ішіндегі тік құбырларды тазаламау, құбырлардан ауа шығармау себептерінен орын алуда. Дегенмен жылу беруші ұйымдардың тарапынан бұл ақауларды жоюға көмек көрсетіліп келеді. Жалпы, ағымдағы жылыту маусымының өту барысы басқарма мамандары тарапынан тұрақты бақылауға алынған.  

Руслан МҰЗДЫБЕКОВ,

облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

басқармасы басшысының орынбасары.