- Advertisement -

Масылдықтан арылмай, қоғам дамымайды

96

- Advertisement -

Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында: «Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек» деп атап көрсете келе, «Жастар нақты бір мамандықтың қыр-сырын жетік білуге ұмтылғаны жөн. Өз саласының шеберіне әрдайым сұраныс болады. Өскелең ұрпақ Қазақстанда ғана емес, өзге елдерде бәсекеге қабілетті болуы керек» деді. Ал ҚР Президентін ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде: «Әділетті Қазақстанда еңбек адамына ерекше құрмет көрсетілуі тиіс. Әсіресе ұстаз, дәрігер, тәртіп сақшысы, құтқарушы, жұмысшы, шаруа сияқты мамандардың мәртебесін одан әрі арттыра түсуіміз қажет. Олар еліміздегі ең сыйлы азаматтарға айналуы керек» дегені еңбек адамының қоғамда алатын орнын тағы бір көтеріп тастады.

Президенттің өзі елді еңбекке жұмылуға шақырып, қарапайым мамандық иелерінің мәртебесін арттыру бастамасын көтеріп отырғанда масылдықты қойып, жаппай
еңбекке жұмылу керек. Жолдауда: «Көрші мемлекеттің азаматтары шетелге барып, жұмыс талғамай еңбек етіп жатыр. Олар біздің елде де өте жақсы табыс тауып жүр.

Шын мәнінде, ең бастысы – адал еңбек. Біз мұны жете түсінетін ұрпақ тәрбиелеуге тиіспіз. Идеология жұмысында осыған баса мән берген жөн» деп атап көрсетуі ауыл әкімінен бастап, барлық мемлекеттік мекеме басшыларына жүктелген міндет деп қабылдау қажет.

Ұстаз, дәрігер, тәртіп сақшысы, құтқарушы сияқты мамандықтарды даярлайтын жоғары және арнаулы оқу орындары аз емес, ал енді жұмысшы және шаруа, басқа да кәсіпке даярлайтын курстар облыс орталығын былай қойғанда, әр ауданда бар. Осы орайда қоғамға қандай мамандық қажет жағы ескеріліп, бюджет қаржысы тиімді жұмсалуы қатаң қадағалануы тиіс. Ұл-қызының икеміне, мүмкіндігіне қарай дұрыс мамандық таңдауына ықпал етуде ата-ананың да рөлі ұмыт қалмағаны абзал.

Президент пәрмені – Үкіметтен бастап, барлық деңгейдегі әкімдерге, ат үстінде жүрген азаматтарға жүктелген нақты міндет деп қабылдап, жастарға кәсіптік білім беріп, еңбекке баулуға жаппай жұмылатын кез жетті.

Әрбір саналы азамат масылдықтан арылмай, қоғам дамымайтынын жастар санасына құя берсе, ертең-ақ ел-жұрт болып аңсаған «Әділетті Қазақстан» орнығып, Тәуелсіздігіміздің ғұмырын жалғастырушы да бүгінгі жас желкен болады.

 

Амангелді ӘБІЛ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support