- Advertisement -

Ауыл тұрғындарының мәселелерін тыңдады

243

- Advertisement -

«AМANAT» партиясының бүгінгі таңдағы жұмыстарының маңызды және аса жауапты бағытының бірі – қоғамдық қабылдау қызметі. Қоғамдық қабылдау бөлмелері партияның барлық филиалдарында тұрақты түрде жұмыс жасап келеді. Жуырда мобильді қоғамдық қабылдау Шу ауданы, Д.Қонаев ауылында өтті. Шараға «AMANAT» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары Азамат Біржанов қатысты. Сондай-ақ облыстық басқарма басшылары ауыл тұрғындарының көтерген мәселелері бойынша нақты жауап берді.

Аталған ауылда ағын су мәселесі өзекті. Негізінен егін шаруашылығымен айна лыс атын тұрғындар жауапты мамандардан аталған мәселені шешіп беруді сұрады. Сондай-ақ ауылға темір жол өткелі де қажет. Мұны тұрғындар неше жылдан бері көтеріп, жетер жеріне жеткізгенімен шешіле қоймапты. Сондықтан олар аудан орталығына барарда болат жол бойындағы өткелде жолаушылар және жүк пойыздарына жол беріп, кейде сағаттап тұрып қалады екен.

– Д.Қонаев ауылы аудан орталығына қатты алыс емес. Сондықтан негізгі жұмысымыз да орталыққа тікелей байланысты. Ауылдың маңында теміржол бар. Одан минут сайын жолаушылар және жүк пойыздары өтеді. Кейде жол беріп өткелдің үстінде тұрып қалады. Мұндайда сағаттап уақыт жоғалтуға тура келеді, – дейді ауыл тұрғыны Сәрсенбек Бақтияров.

Ашығын айту керек, бұл мәселені шеше салу жергілікті биліктің қолында емес. Республика деңгейінде, сарапталып барып қана шешімін табады.

– «AMANAT» партиясы қазіргі таңда үлкен жұмыс атқарып жатыр десек болады. Себебі ауыл-ауылдарға барып тұрғындардың мәселелеріне қанығып, жергілікті билікпен шешу жолдарын қарастырамыз. Айта кетерлігі, осыған дейін жасалған сараптамаға сүйенсек, қоғамдық қабылдауға келген қала тұрғындары жеке мәселелерді ғана көтереді екен. Ал осы жолы ауыл тұрғындары жүйелі, шешілуі тиіс деген өзекті мәселелерді ортаға салған. Осыны ескерген республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі ауылдарда мобильді қоғамдық қабылдаулар өткізуде. Мәселен, Шу ауданындағы Д.Қонаев ауылында теміржол өткелі республика деңгейінде шешілуі тиіс. Оны біз алдағы уақытта тиісті органдарға жеткізетін боламыз. Ал қалған мәселелер облыс, аудан көлемінде шешімін табатын болады, – деді «AMANAT» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары Азамат Біржанов.

Мобильді қоғамдық қабылдау келесі кезекте облыс орталығынан шалғай орналасқан Мойынқұм ауданының Жамбыл ауылында өтті. Мобильді қоғамдық қабылдау барысында республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары Азамат Біржанов пен облысты қ басқармалардың басшылары ауыл тұрғындарының мәселелерін тыңдады. Ауыл тұрғындары қоғамдық қабылдау барысында да түрлі сала бойынша мамандардан кеңес алды. Оның ішінде, тұрақты жұмысқа орналасу, портал арқылы ем қабылдау бойынша нақты жауаптар алды. Сонымен қатар қоғамдық жұмыс уақытын 6 айдан 1 жылға дейін ұзарту бойынша ұсыныстарын да білдірді.

– Жасыратыны жоқ, жас келген соң аурушаң болып қалады екенсің. Басың ауырып, балтырың сыздаған сайын ауруханаға жатып ем алғың келеді. Әрине, бір зейнетақыға қарап отырған соң портал арқылы тегін ем-дом қабылдау тиімді. Осы орайда, оның сырын жіті білу үшін облыс орталығы түгілі аудан орталығына бару оңайға соқпайды. Қоғамдық қабылдау барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығынан керекті кеңестер алдым. Бұдан өзге ауыл маңындағы каналдың да жайын әкімдікке жеткізуге мүмкіндік алдым, – дейді Жамбыл ауылының тұрғыны Медетбай Бағдатов.

Жалпы, қоғамдық қабылдаудың ең басты мақсаты – өтініштерімен келген барлық азаматтармен тікелей кездесіп, сұхбаттасып, олардың мұң-мұқтажы мен толғандыратын әлеуметтік мәселелерін зерделеу. Сонымен қатар партия филиалдары азаматтардың өтініштерін түскеннен бастап түпкілікті шешім алғанға дейін қарауын қамтамасыз етеді.

 

 «Aq jol»-Аqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support