Бүгініңді білмесең болашақтан үміт үз

43

Араға жарты ғасыр салып өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанды, жоғымызды қозғап, барымызды көрсетуге мүмкіндік туды. «Бүгініңді білмесең болашақтан үміт үз, бүгінімді білсем десең, өткеніңе үңіл» деген қағиданы ұстанып, өткенімізге көз жүгіртсек қаншама мол дүниеге кезігіп, қәзіргі жаңалық деп отырғанымыз ғасыр басындағы жақсының жаңғырығы екеніне көзіміз жетуде.

19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында қазақ тарихынан ерекше орын аларлық бір дүркін азамат дүниеге келіп, халқының болашағы үшін аянбай қызмет етті. Оған тарих куә. Мәселен Жамбыл облысындағы білім беру ісі бүкіл Қазақстандағы халық ағарту ісінің құрамдас бөлігі ретінде дамыды. Төңкеріске дейін өңірде мұсылманбалаларын оқытқан 21 мектеп болды. Алғашқымектептерді Керімбай Бұралқыұлы, ДербісҚалабаев сынды болыстар, Әзімхан Кенесарин, Сыдық Абланов, Қарабай Әділбеков сынды оқығаназаматтар ашты. Мен Асыл Жиенбай елімнің болашағы, жалынды жасы ретінде осындай қоғам қайраткері Керімбай Бұралқыұлының есімі берілген мектепте білім алып жатқанымды мақтан тұтамын.

Нақтырақ айтсам Тараз қаласының Төле би көшесіндегі №12 Керімбай атындағы орта мектептің тарихы тым әріге патша заманына кетеді. Билікөл өңірінде ұзақ жылдар болыстық қызмет атқарған кезінде, ағартушылық қызметпен де айналысқан Керімбай Бұралқыұлы 1883 жылы өз қаржысына тұрғызған бұл мектеп 1912 жылдан Аса интернаты аталған. 1927 жылы Карл Маркс есімін алған. Осы кезде білім алғандардың бірі – ұлт мақтанышы Бауыржан Момышұлы. Тәуелсіздік жылдары қала жұртшылығы өкілдері мектептің атын оны салған адамның есімін беру жолымен өзгерту туралы ұсыныс жасағанда жергілікті билік әсіре сақтық танытты. Ұстаздар қауымы, амал жоқ, Әбдіқадыр ағамыздан көмек сұрады. Тарихшы Керімбай Бұралқыұлының Тұрар Рысқұловтың ісін қолдап, 1918-1919 жылдардағы ашаршылықта өз ауылы Билікөлде, сондай- ақ Әулиеатада тамақтандыру орындарын ашқанын, халықты жаппай қырылудан аман алып қалуға барын салғанын архивтен тапқан құжаттар арқылы дәлелдеп, өз тарапынан да ұсыныс жазды. Осыған сүйенген тұрғындардың жаңа ұсынысы қала әкімшілігі тарапынан қолдау тапты, 1992 жылғы 17 сәуірде қабылдаған №345 шешімімен мектепке Керімбай болыстың есімі берілді. Кейінірек, білім ордасы алдына ескерткіш орнату үшін Керімбай Бұралқыұлы атындағы қор құрылып, оның төрағасы болып Әбдіқадыр Жүргенов сайланды. Ол бұл сенімнің үдесінен шықты, Керімбай ұрпақтарынан жиналған қаржыға мектеп ауласына 1999 жылы осы білім ошағының негізін қалаған тұлғаның мүсіні орнатылды.

Иә, осыншама тарихы бар білім ұясында білім алу біз үшін үлкен жауапкершілік. Қазіргі таңда мен яғни Асыл Жиенбай №12  мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысымын.Достарыммен жиі Керімбай атамыздың тарихы жайында сөз қозғаймыз. Болашақта біз де білімді, адал азамат болып өсеміз деген үмітіміз мол.

Comments are closed.