- Advertisement -

Түзету енгізу туралы хабарлама

265

- Advertisement -

Облыстық «Ақ жол» газетінің №124 (19233) бейсенбі, 2022 жылғы 13 қазанында жарияланған бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландырудың 1 тармағы (Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының халықты жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, №5-2-2, (жүктілікке және босануға байланысты еңбекке жарамсыздығы кезеңіне 08.01.2023 дейін) 1 бірлік)) жарамсыз деп танылып, 1 тармағы төмендегі мәтінде оқылсын:

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, №2-2-1, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: А блок. Белгіленген жүргізу ережелеріне сәйкес бухгалтерлік есепті, келіп түскен ақшалай қаражат есебін қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға қол жеткізумен байланысты операцияларды бухгалтерлік есепте уақтылы көрсету, қаржыландыру жоспарының орындалуының дәйекті есебін қамтамасыз ету. Көрсетілген қызметі үшін кәсіпорындар және ұйымдармен есеп айырысу, есеп беруші тұлғалармен есеп жүргізу. Жылдық мемелекеттік сатып алу жоспарын Веб-порталға орналастыру, жоспарға сәйкес Веб- порталға сұраныстарды орналастыруға келісімшарттардың жобасын дайындау. Облыстық басқарма мен құрылымдық мекемелердегі бюджет және өзге де заңнамалардың сақталуын тексеру, стратегиялық және операциялық жоспарлардың іске асырылуын, есепке алу мен есептілікті жүргізудің анықтығын, дұрыстығын, кабылданған шешімдердің орындалуын бақылау, бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі құқықбұзушылықтарды анықтау. Өкілеттігі шегінде арыз-шағымдарға жауап дайындау. «1С-Бухгалтерия» автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің жұмыстарын жүргізу. Мүгедектерге шипажайға берілетін жолдамалардың, сурдологиялық және тифло құралдары, кресло арбалар және протездік құралдар бойынша қаржыларын уақтылы аударуын, олардың есебін және нақтылы пайдалануын қадағалайды, салыстырма актілерін жасауға – электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйелерінің порталынан электрондық шот-фактураларды қалыптастырады, әлеуметтік қызметтер порталындағы осы шоттарға әр мүгедекке облыс бойынша жеткізушілер ұсынған өтініштер мен орындалған жұмыс актілерін шығарады және мониторинг жүргізеді. («Әлеуметтік қызметтер порталы»). Аппарат бойынша бюджеттік қаржыларды уақтылы аудару мен пайдалануды, қалааралық телефон байланысымен сөйлесуін бақылауды ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – бизнес, басқару және құқық саласындағы. Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы.

«Қазақстан–2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек, Салық және Бюджет Кодекстерін, Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңды, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support