Басты жаңалық

Әйгілі математик өмірден озды

The final spritzer

Әйгілі математик өмірден озды

Әйгілі француз математигі Александр Гротендик (Alexander Grothendieck) өмірден озды. Ғалым 86 жасында Сен-Жирон қаласының ауруханасында қайтыс болды.

Гротендик математиканың көптеген саласындағы революциялық еңбектерімен танымал. Олар арқылы математиканың даму жолы ондаған жылдарға анықталды. Ғалым еңбектерін Николя Бурбаки лақап атымен жариялаған математиктер тобына кірген. Олардың еңбектері жиынтық теориясын пайдалана отырып, аксиоматикалық негіздегі математиканы құру мақсатын көздеген.