- Advertisement -

Жасөспірімдер қылмысы: кінәлі кім, қайтсек азаяды?

161

- Advertisement -

Қазіргі таңда өмірге деген көзқарастары толық қалыптаса қоймаған жастардың арасында қылмыстың жасалуы жиі кездеседі. Біздің қоғам кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің арасындағы қылмысты олардың санасының жетілмегенімен деп есептейді. Ал шын мәнінде жастардың қылмысқа «құмар» болуы ұшқан ұясындағы тәрбиеге, ата-аналардың балаларына көңіл бөлуіне байланысты.

ҚР Қылмыстық процестік Кодексінің 307 бабында көзделгендей, кәмелетке толмағандарға қатысты істерді елімізде 2012 жылдан бастап құрылған кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар қарайды.

Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған тұлғаға 37 қатысты істер қаралды. Мұндағы құқық бұзушылық көріністердің басым бөлігі ұрлық, тонау, бұзақылық, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, қарақшылық сипатында екенін көрсетеді, басым көпшілігі ауыр қылмыстар санатына жатады.

Оның ішінде, кәмелетке толмаған 19 жасөспірімге қатысты сот үкімі шығарылып, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындалған. Ал өзге істер бойынша тараптар татуласып, келтiрiлген зиян қалпына келтірілді. Осылайша, медиация тәртібімен жасөспірім тұлғалар қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Ерекше тоқталатын жайт, сот — кәмелетке толмағандарға жаза тағайындау кезінде тұрмыстық және тәрбие алу жағдайларын, психикалық дамуы деңгейін, жеке басының ерекшеліктері мен қылмыстық құқық бұзушылық жасаудың себептерін ескере отырып, шешім қабылдайды.

Сондай-ақ, қылмыстық іс қысқартылған жағдайда тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары ретінде бір жылға дейінгі мерзімге пробациялық бақылау белгіленеді. Атап айтқанда, мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға хабарламай тұрақты тұрғылықты жерін, жұмысын, оқуын ауыстырмау, белгілі бір орындарға бармау, отбасын материалдық қолдауды жүзеге асыру міндеттерін орындау әрі түнгі уақыт аралығында көңіл көтеретін, ойын-сауық үйірмелерінде болмауы назарға алынады.

Бұдан бөлек, алкогольді ішімдіктер сататын орындарға болмауы, тіркелу үшін мамандандырылған мемлекеттік органның пробация қызметіне шақырту бойынша келуі міндеттеледі.

Соттың міндеті — кәмелетке толмағандарды жазаға тартып, оларды темір торға жауып, соттау емес. Керісінше, кәмелетке толмағандарды түзелу жолына түсіріп, олардың қоғамнан өз орындарын табуына ықпал ету.

Жасұлан ШЫРШЫҚБАЕВ,
Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support