Жамбылда не жаңалық?

Кепілдендірілген медициналық көмек көлемі қашанда қолжетімді

Кепілдендірілген медициналық көмек көлемі қашанда қолжетімді

Қазақстанның әр азаматы Кепілді көлемдегі тегін медициналық көмек (ККТМК) алуға құқылы. Тегін медициналық көмек ҚР азаматтары мен қандастарымызға беріледі. Тегін медициналық көмек бюджет есебінен көрсетіледі және оған тиімділігі дәлелденген профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер жатады. Қазақстандағы денсаулық сақтау республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі.

  1. Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жедел медициналық көмек.
  2. Медициналық авиация тартылатын жедел медициналық көмек.
  3. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек.
  4. Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек.
  5. Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек.
  6. Стационарлық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек.
  7. Медициналық оңалту.
  8. Уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша паллиативтік медициналық көмек.
  9. Стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде уәкілетті орган айқындайтын қан, оның компоненттері және қан препараттары номенклатурасына сәйкес медициналық көрсетілімдер болған кезде қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету.
  10. Амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде патологиялық-анатомиялық диагностика.
  11. Қайтыс болғаннан кейінгі донорды ағзаларды (ағзаның бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөліктерін) алуға дайындау, алу, консервациялау, дайындау, сақтау, ағзаларды (ағзаның бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөліктерін) тасымалдау.
  12. Уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту.
  13. ТМККК шеңберінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, арнайы емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық препараттармен медициналық көмек.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды іске асыру басталған болатын. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қордың басты қағидаттарының бірі – халықты сапалы, әрі қолжетімді медициналық қызметпен қамту. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – бұл халық денсаулығын қорғау саласында халық мүддесін әлеуметтік тұрғыда қорғайтын мемлекеттік жүйе. Жүйенің бірден-бір артықшылығы – медициналық қызметке азаматтардың қалтасынан шығатын шығындарды қысқартады, клиника мен дәрігер таңдауға құқық беріледі, сақтандыру пакетінің сомасы шектелмеген және төленген жарна көлеміне бағынбайды. Сақтандыру пакетіне жоғары технологиялы операциялар да кіреді. Медициналық көмек ақысы әркімнің өзіне жинаған ақшасына ғана тәуелді болса, ол жоғары технологиялы қондырғылардың көмегімен жасалатын операцияларды айтпағанда, қарапайым ауруларды емдеуге де жетпейді. Сондықтан қорға жинақталған қаражат – күллі қазақстандықтарға ортақ табыс. Әлбетте, адамдардың бәрі бірдей ауыра бермейді. Жылдап емханаға бармайтын, денсаулығы темірдей азаматтар да баршылық. Олардың есебінен қор қаржысы молайса, ертеңгі күні ол күрделі операцияға зәру бір адамның өмірін құтқаруы мүмкін. Медициналық сақтандыру жүйесі арқылы азаматтардың ынтымақтасуы деген осы.  

Нұршат КУЛЯШБЕКОВА,

Шу қалалық ауруханасының

бас дәрігерінің міндетін атқарушы.