Құранның көне қолжазбасы Германиядан табылды
Құранның көне қолжазбасы Германиядан табылды
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) қайтыс болған соң ондаған жылдардан кейін хатқа түсірілген Құранның 20-дан астам фрагменті Германияның Тюбинген қаласынан табылып отыр. Аталған қаладағы Тюбинген университетінің кітапханасында сақталып келген бұл құнды мұра VII ғасырға тиесілі көрінеді.
Бұл қолжазба әлгі кітапханаға 1864 жылы пруссиялық дипломат Иоганн Готфрид Ветцштейннің жинаған кітаптарын сатып алғанда тап болыпты. Жазулар көне пергаментке «куфи» қарпімен таңбаланған екен. Айта кетейік, негізінен Құран «куфи» жазуы арқылы тараған. Ғалымдар алғашқыда бұл фрагменттерді VIII-IX ғасырларға тиесілі деп топшылапты. Алайда, мамандар қолжазбаға радий көмір сутекті сараптау жүргізіп, кешенді түрде қайта зерттегеннен кейін, оның 649-675 жылдары аралығында жазылғанына көз жеткізген.