- Advertisement -

Отанға адал болуға ант берді

125

- Advertisement -

Жуырда «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінде күзгі шақырылымдағы 1200-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады. Салтанатты шара өңірлік қолбасшылықтың жеті гарнизонында өтті.

Таразда алғаш рет ант қабылдау рәсімі әскери бөлімнің аумағында емес, қала орталығындағы «Жеңіс» саябағында өтіп, салтанатты шараны облыс орталығының тұрғындары мен қала қонақтары тамашалады. Мұнда Бауыржан Момышұлы атындағы 5-механикаландырылған бригаданың 250-ден астам әскерге шақырылған сарбазы ант берді. Мерекенің қуанышын ұлдарымен бөлісу үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен Таразға жас сарбаздардың туыстары келді.

Салтанатты шараға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майоры Мереке Күчекбаев пен облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев қатысты.

Олар Бауыржан Момышұлы атындағы 5-механикаландырылған бригада жауынгерлерінің Б.Момышұлы ескерткіші жанында Отанға адал болуға ант беруінің терең символикалық мәнін атап өтті. Ата-бабаларының даңқты жауынгерлік дәстүрлерінің лайықты жалғастырушылары және Қазақстан Республикасына жанқиярлық қызмет етудің үлгісі болатынына сенім білдірді.

Жас сарбаздар ант қабылдауға дайындықпен келді, атап айтқанда қызмет орнына келген алғашқы күннен бастап жалпы әскери жарғыларды, Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылу тарихын, қару-жарақтың тактикалық- техникалық сипаттамаларын оқуға кірісті. Сондай-ақ әскерге шақырылғандар әскери шеру алаңында жаттығулардан өтті. Аз ғана уақыттың ішінде 5-механикаландырылған бригада командирі, подполковник Жәнібек Құранбеков пен офицерлер, келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің тәжірибесіне қанық болған жас сарбаздар маңызды әскери рәсімдерге тыңғылықты дайындалды.

«Бүгін біз үшін салтанатты күн, бұл күнге бір ай бойы дайындалдық, әскери істерді зерттедік. Көптеген жігіттерге туыстары келді, өйткені олар үшін бұл маңызды оқиға. Олар бізді мақтан етеді, бізге сенеді, біз бұл сенімді ақтап, абыроймен қызмет етуге тырысамыз», – деді әскер қатарына шақырылған Азамат Әлжанов.

Жас сарбаздар ант беріп, қару- жарақпен әдіс-тәсілдерді көрсетті. Салтанатты шараға Қарулы Күштер ардагерлері жас сарбаздардың қызметке деген салиқалы көзқарасын, олардың жауынгерлік рухын және Отан қорғаушы деген жоғары атақты лайықты алып жүруге дайындығын оң бағалады.

 

Дина МУХАРИНОВА,

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы

баспасөз қызметінің жетекшісі.

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support