- Advertisement -

Өнеркәсіптің өндіріс көлемі артып келеді

81

- Advertisement -

Ағымдағы жылдың он айында облыстық кәсіпкерлер палатасымен жергілікті тауар өндірушілердің тауарларына 186 СТ-KZ сертификаты берілген. Аталған сертификат облысымызда ішкі құндылық үлесін арттыру мақсатында жергілікті қамтуды бақылау комиссиясында сарапталып барып беріледі. Мұндай отандық тауар өндірушілердің қатысуымен 24 комиссия отырысы өткізілген. Комиссия құрамына облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және жол, қаржы, мемлекеттік сатып алу, жергілікті қамту мәселелеріне жетекшілік ететін тиісті басқармаларының басшылары, кәсіпкерлер, сондай-ақ кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері кірген.

Комиссия отырыстарында кәсіпкерлердің өтініштері бойынша мәселелер талқыланып, шешімдер қабылданады. Сондай-ақ 8 бағыт бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша тауарларды сатып алуда жергілікті қамту үлесінің артуы талданады. Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік мекемелердің сатып алуларындағы жергілікті қамтудың дамуына мониторинг жүргізеді.

Бұл мониторинг бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен және мекемелерден алынған есептердің деректері негізінде ай сайын жасалады. 2022 жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша облыстағы мемлекеттік мекемелердің сатып алудағы жергілікті қамту үлесінің 66,2 пайызын, яғни 3,2 миллиард теңгені құрады. Өңірдегі ішкі ел құндылығын дамыту мониторингін жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады және әкімдіктің басқармалары арасында бөлінген.

Жергілікті қамту үлесін арттыру мақсатында облыстағы отандық өнім өндірушілердің каталогы әзірленіп, республиканың барлық өңірлеріне және ірі кәсіпорындарына жолданды. Кат а лог әрдайым жаңартылып отырады. «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС деректеріне сәйкес, «Самұрық- Қазына» АҚ жүргізген реттелетін сатып алуда облыстағы келесі кәсіпорындар жеткізушілер болып табылады.

Атап айтсақ, олардың қатарында «АҚ Алтыналмас» АҚ «Golden Compass Capital» мен «ТауКен Алтын» ЖШС-на алтын жеткізуде, «Жамбылская ГРЭС» АҚ өндіретін электр энергиясын «Алматыэнергосбыт» ЖШС-на, «Жарас» ЖШС және «Амангелді газ өңдеу зауыты» ЖШС өндіретін дизель отынын «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға және «Торгово транспортная компания» ЖШС- на, «ТаразКожОбувь» ЖШС аяқ киімін және «Запчасть» АҚ тежегіш колодкаларын «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ бөлімшелері үшін жеткізіп беруде.

Ал «ЖЗМК Имсталькон» ЖШС «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ үшін цистерналарды дайындап жеткізеді, «Көбесова» ЖК «Интергаз Центральная Азия» АҚ-ын оттегімен қамтамасыз етеді, «Қазақ соқырлар қоғамы» ЖШС «KEGOC» АҚ-на төсек- орын жабдықтарын, «Политилен Агро» ЖШС «Семізбай-U» ЖШС-на полиэтилен пакеттерін және тағы басқа өнімдерін жеткізіп берумен айналысады. Ал «Super-Pharm» ЖШС «СК-Фармация» ЖШС үшін бір рет қолданылатын медициналық өнімдерін жеткізіп береді.

2026 жылға дейін облысымызда қара металлургияда – құрылыс арматурасы, түсті металлургияда – доре алтыны өндірісі, химия өнеркәсібінде – натрий цианиді, минералды тыңайтқыштар, құрылыс индустриясында – кірпіш (керамика, керамзит), темірбетон, бетон, құрғақ қоспалар және басқа да тауарлар өндірісін ұлғайту жоспарлануда. Мәселен, қара металлургияда «Тараз арматура зауыты» ЖШС қуаттылығы жылына 200 мың тоннаға дейінгі құрылыс арматурасын шығару жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Түсті металлургияда «Monterra Qazaqstan» ЖШС тау-кен металлургия комбинатын салу және алтын кен орындарын игеру жобасын жүзеге асыруда. Жобалық қуаты жылына 10 мың килограмм алтын өндіру. Химия өнеркәсібінде «Talas Investment Company» ЖШС натрий цианиді өндірісін жылына 30 мың тоннаға дейін кеңейтуді жоспарлап отыр. «Қазфосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштар өндірісін жылына 1 миллион тоннаға дейін кеңейту жобасын жүзеге асыруда. «ЕвроХим Тыңайтқыштар» ЖШС минералды тыңайтқыштар шығаратын химиялық зауытын салуда. «Qazaq soda» ЖШС кальцийлендірілген сода өндіретін зауыт салу жобасын жүзеге асыруда.

Құрылыс материалдарын өндіруде «Жамбыл Гипс» АҚ өндірілетін тауарлардың (гипсокартон, құрғақ қоспалар), «Алина ПРО» ЖШС (гипс плиталар, құрғақ қоспалар және т.б.) түрлерін кеңейтуде.

Ел ішіндегі құндылықты дамыту жұмыстары жалғасуда және тұрақты бақылауда.

 

 Әдемі САМАТҚЫЗЫ,

облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының

бас маманы.

 

 

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support