- Advertisement -

Тәжірибе жетілдіруге бағытталған форум

73

- Advertisement -

Жамбыл политехникалық жоғары колледжі, «Электроника және автоматтандыру» бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестігі жұмысының шеңберінде колледждердің өзара іс-қимылын жүзеге асыру кезінде практикалық тәсілді қалыптастыру мақсатында республикалық практикалық форум ұйымдастырылды.

Оған «Таlap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мазмұны басқармасының басшысы Жанат Далабаев, «Мехатроника» құзыреттілігі бойынша Халықаралық және республикалық Worldskills чемпионатының бас сарапшысы Самир Керімов қатысты.

– 2020-2021 оқу жылы «Жас маман» жобасы бойынша 379 миллион теңге бөлініп, материалдық-техникалық база жаңартылды. Аталған қаражат есебінен «Механикалық өңдеу, өлшеу-бақылау аспаптары және автомат», «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтарының оқу шеберханалары және лабораториялары шетелдік жабдықтармен жарақталды. Облыстық білім басқармасының кестесіне сәйкес «WorldSkills Zhambul-2021» өңірлік чемпионатының 10 құзыреттілік бойынша конкурсы ұйымдастырылып, 5 құзыреттілік бойынша облыстық чемпионат колледждің базасында өткізілді. 10 құзыреттіліктің ішінен 8 құзыреттілік бойынша колледж студенттері жеңімпаз атанып, республикалық чемпионатқа жолдама алды. Колледждердегі оқу бағдарламаларының мазмұны, оларды игерудің нормативтік мерзімдері білім берудің жалпыға міндетті стандарттарымен анықталынып, кәсіптік білім ұйымы жасаған жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылып келсе, қазіргі таңда бекітілген заңнамаға сәйкес, колледждерге академиялық дербестік берілді,– деді Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің директоры, «Электроника және автоматтандыру» оқу-әдістемелік бірлестігінің төрағасы, педагогика ғылымдарының докторы Дүйсенбек Абдраимов.

Форум «Оқытушыларға арналған семинар-тренингтен бастау алып, «Жас Маман» жобасын іске асыру шеңберінде алынған жабдықтарды көрсету және тәжірибе алмасып, сондай-ақ әлеуметтік серіктестермен сұхбат алаңын жүргізу сынды бірнеше бағытты қамтыды.

 

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support