- Advertisement -

Жат ағымдармен күрес жалғаса береді

225

- Advertisement -

«Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі 2022 жылы маусым-қазан айлары аралығында облыс әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығы мекемесінің мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД мекемелерінде жазасын өтеуші азаматтар арасында радикалдық діни идеологияға қарсы бейімдеу іс-шараларын ұйымдастыру» тақырыбындағы әлеуметтік жобаны жүзеге асырды. Жоба аясында атқарылған жұмыстар ауқымды.

Облысымыздағы белгілі дінтанушы-теологтар пулы құрылып, ҚАЖД мекемелерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Облыс бойынша ҚАЖД мекемелерінде жазасын өтеуші азаматтар арасында радикалдық діни идеологияға қарсы оңалту жұмыстарын ұйымдастыру.

Тараз қаласында ҚАЖД мекемелерінде (3 түрме, тергеу изоляторы мен қоныс колониясында) сотталушы азаматтар арасында аптасына 1 рет (әр маман аптасына 1 рет, айына 4 рет, 7 айда 32 рет кіру міндетті) топтық және жеке кездесу ұйымдастырылды. «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Жарбол Болатұлы дінтанушылар пулының жетекшісі ретінде жұмысты үйлестіріп отырды. ҚАЖД мекемелерінде жеке және жалпы кездесулер, ақпараттық түсіндірулерді жүзеге асыратын дінтанушы мамандарға жоба аясында ай сайын 60 000 теңге көлемінде жалақы төленді.

Жоба аясында түзету мекемелерінде азаматтармен кездесулер жүргізу мақсатында, сонымен қатар түзету мекемелерінің қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы білікті мамандар шақырылды. Жобаға Астана, Алматы қалаларынан елімізге танымал психолог, тарихшы, дінтанушы мамандар шақырылып, Тараз қаласындағы түзету мекемелерінде кездесулер өткізілді. Кездесулерден кейін мамандар кездескен адамдардың мінездемелерін, психологиялық, теологияық портреттерін дайындап өткізді. Жоба аясында 6 лектор шақырылды.

Атқарылған жұмыстардың ақпараттандырылуы да күн тәртібінен түскен жоқ. Ақпараттар әлеуметтік желілерде, ақпараттық агенттіктерде және газет беттерінде жарық көріп отырды.
Республикадан келген мамандардың және тұрақты түрде қаламызда жұмыс істеп жүрген мамандардың анықтамалары, мінездемелері, түзелушілердің психологиялық және теологиялық портреттері жабық ақпарат болып табылады. Олар жариялануға жатпайды. Анықталған барлық жайттар, ақпараттар тікелей тапсырыс берушіге қағаз нұсқада өткізіліп отырды.

Аталмыш жоба биыл бірінші жыл жүзеге асырылып отырған жоқ. Бірлестіктің көпжылдық тәжірибесінің арқасында жергілікті және өзге қалалардан келген мамандармен келіссөз жүргізуге, жобаға жоғары білікті дінтанушылардың тартылуына өзінің оң әсерін тигізді.

 

Асхат ОЛЖАБАЙ,
«Жаңа-Ру» жастар коалициясы
қауымдастығының жоба жетекшісі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support