- Advertisement -

Өкпе дерті – емделетін ауру

94

- Advertisement -

Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы – адамның тыныс алу қиындығымен сипатталатын созылмалы үдемелі ауру түрі. Ол көбінесе созылмалы бронхит және эмфизема түрінде кездеседі. Дәрігердің көмегіне дер кезінде жүгіну арқылы аурудың дамуын бәсеңдетіп, емделушінің жағдайын жеңілдетуге болады. Өкінішке қарай, көп жағдайда өкпенің созылмалы обструктивті ауруына шалдыққан адамдар дәрігерге кеш қаралады, ал бұл өз кезегінде аталмыш дерт түрі себебінен өлім-жітімнің болуына әсер етеді.

Өкпенің созылмалы ауруына қарсы күрес күніне орай облыстық оңалту орталығында тыныс алу гимнастикасына арналған іс-шара өтті. Ол 2019 жылы бастау алған COVID-19 дертімен күресті жандандыруға арналды.

Ауру барысы мен оның алдын алу үшін жасалатын ең маңызды әрі пайдалы әдістердің бірі – тыныс алу гимнастикасы. Адамзаттың өкпесін ашу мақсатында жасалатын бұл жаттығулардың пайдасы орасан зор. Осы мақсатта барлық емделушілер арасында толыққанды бір күндік жаппай тыныс алу гимнастикасын жасау күні өткізілді. Осындай адам ағзасына қажетті дүниелерді жасау барысында емдік дене шынықтыру нұсқаушысымен бірге тыныс алу жолдарының барлық ағзаларымен олардың ауруларына арналған жекеленген және жалпы дене жаттығулары жасалды. Жаттығу барысында көңілді әуендер қойылып, барлық ем алушылардың көңіл-күйлері бағаланып, олармен фотогимнастика айдарында естелікке суретке түсіп тарқасты.

Коронавирустық инфекцияны емдеудегі ең негізгі ем түрінің бірі – тыныс алу гимнастикасын жасау. Тыныс алу гимнастикасы дегеніміз – ағзамыздың толыққанды оттегімен қанығып, организмге сергектік пен түрлі аурулардан арылуға көмек беретін ең басты әрі қарапайым ем түрі. Жамбыл облыстық оңалту орталығында COVID-19 дертінен кейінгі оңалу бөлімшесі бар. Бөлімшеде науқастарға ұсынылатын басты ем түрінің бірі ол – тыныс алу жаттығуын жасау. Науқастардың денсаулық жағдайларына байланысты оларға топтық және жекелей тыныс алуды орындау тағайындалады. Емдік дене шынықтыру нұсқаушысының тапсырмасы бойынша белгілі уақытпен өз сабақтарын жүргізеді. Сабақ топтық деңгейде жалпы дене жаттығуларынан бастау алып, арнайы дем алу жолдарымен қоса диафрагмалық және жалпы өкпемен тыныс алу жолдарына арналған жаттығулармен толықтырылады.

Тыныс алу жаттығулары арқылы дем алу бұлшықеттерді мықты етуге, өкпедегі қақырықтың сыртқа шығуына және оттегімен қамтамасыз етуге болады. Мұндай жаттығуларды тек ауырған кезде ғана емес, күнделікті жағдайда да жасап жүргеннің пайдасы зор. Әсіресе өкпесінде ақауы бар жандар үшін таптырмас техника. Жаттығу жасап болғаннан кейін ұйқы тыныш болады.

Сонымен қатар жаттығу соңында дыбыс терапиясы Цигун орындалады. Жеке тыныс алу жаттығулары – нұсқаушыға арнайы бақылау және науқас жағдайын бағалап оны баяндау үшін жекеленген элементтермен орындалатын емнің бір түрі. Бұндай жағдайда науқастың жеке жай-күйі басты назарда болады. Мысалы, жүрек аурулары өзіндік жеке төзбеушілік, мүгедектік, жүйке жүйесінің аурулары, сонымен қатар төсек режиміндегі адамдарға жекелей түрде ұсынылған емдік тыныс алу жаттығулары жасалынады. Жұмыс жасау барысында сақтық шараларын қатаң түрде сақтай отыра емделушінің палатасында немесе емдік дене шынықтыру кабинеттерінде өтеді. Нұсқаушы жекелей бағалай отырып, өсу динамикасы туралы күндік есептерін жүргізіп, дәрігерге баяндап отырады. Топтық және арнайы жеке сабақтарда емделушілерге психологиялық түрде қолдаулар көрсетіледі, яғни, олардың сауығып кетулері үшін барлық жағдайлар жасалады.

 

Әсем АСЫЛБЕК.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support