- Advertisement -

Азаматтық құқық қоғамдық қатынастарды реттейді

115

- Advertisement -

Құқықтық тұрғыда сауатты болу керек дегенде, жұрттың бәрі өз құқығын кәсіби қорғай алатындай деңгейге жетуі қажет дейтін талапты ешкім қоймайды, әрине. Бұл өзі мүмкін де емес.

Азаматтардың құқығы қорғалуы үшін алдымен құқықтық қызмет көрсететін мамандардың кәсіби деңгейін көтеру қажет. Терең білімді, жан-жақты кадрларды даярлау керек. Бұл талапқа бәсекеге қабілетті жас заңгерлерге сапалы білім беріп отырған біздің оқу орны жауап бере алады десем, артық айтқандық емес. Университетіміздің заң факультеті, оның ішінде Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының қосып отырған үлесі зор.

Жалпы азаматтық құқық – осы саладағы маңызды бағыттардың бірі. Қарапайым тілде түсіндірсек, бұл өзі күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты заңдар жиынтығы. Негізі біз азаматтық құқықты зерттемес бұрын бұл пәннің мәнін айқындап алуға тиістіміз. Ал оның мәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар сан қырлы.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы» кафедрасының аға оқытушысы Айнұр Үрісбаева азаматтық құқық негізінен қоғамдық қатынастарды реттейтінін айтады. Материалдық игіліктерді пайдаланудың құқықтық жүйесін түсіндіреді.

Мысалы, мүлікке, жұмысқа, қызмет көрсетуге, ақшаға, құнды қағаздар мен басқа да мүліктерге байланысты талаптарға жауап береді. Дейтұрғанмен бұл сала мүліктік қатынастардьщ бәрін бірдей реттеп береді деу қиын. Өйткені олардың өзі әртүрлі сипатта кездеседі. Сайып келгенде, мүліктілік дегеніміз – занды белгі болып табылмайды, ол тек экономикалық түсінік.

Сондықтан да азаматтық құқық саласының мән-мағынасын не аша түседі, соған көңіл бөлген жөн. Қағидалар азаматтык құқық жүйесінде әрқашанда бастапқы норма саналады және басқа нормалар онымен жанама түрде көрініп, жалпы сипат алады.

Бұл – принциптер өзге нормалардан басым деген сөз. Принциптер азаматтық-құқықтық нормалардың барлық жүйесін қамтып, бақылауға алынады.

 

Бейбарыссұлтан БАЙМҰРАТ,

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің заң факультетінің

3-курс студенті.

Т.Рысқұлов ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support